Федерация тарихы

Республиканың бокс федерациясы 1941 жылы құрылған республикалық үйірме негізінде 1959 жылы құрылды.

1992 жылы Қазақстанның бокс федерациясы АИБА-ға мүше болып, Азиадалық бокс конфедерациясының құрамына енді.

2009 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметін Т.А.Кулибаев атқарады.

2012 жылдың 21 наурызында АИБА штаб-пәтеріндегі (Лозанна қаласы, Швейцария) AIBA Professional Boxing (APB) атқарушы бюросының алғашқы отырысының бірыңғай шешіммен Т.А.Кулибаев АИБА-ның (АРВ) вице-президенті болып сайланды. Бүған қоса, Қазақстан бокс федерациясының жаңа президенті АИБА атқарушы комитетінің мүшесіне енді.

1933 ж Қазақстандағы бокстан алғашқы спорт шебері Шохра Бөлтекұлының бастамасымен Алматы қаласында «Динамо», «Спартак», «Медик» және Қарағанды қаласында «Угольщик» спорттық қоғамы дами бастады.
1937 ж. Алғаш рет Алматы қаласында 50 былғары қолғап шеберлері мен 3 спорттық ұйымның қатысуымен бокстан жеке, әрі командалық біріншілік ұйымдастырылды.
1941 ж. Бүкілодақтық бокс үйірмесінің құрамына енетін республикалық бокс үйірмесі құрылды.
1946 ж. Қазақ жастары Республика бойынша жаппай бокс үйірмелеріне қабылданып, бұл спорт түрі кеңінен дами бастады. Осы тұрғыда «Динамо» үйірмесіне Дәулеткерей Муллаев және «Спартакқа» Шохр Бөлтекұлы жетекшілік ете бастады. Қызығушылығы басым спортшыларды А.Инфланд бастаған бокс үйірмесі дайындады.
1947 ж. ССРО чемпионатында Махмут Омаров 3-ші орын, ал Аскар Үсенов 4-ші орын иемденді. Бұл қазақ боксшыларының сәтті өнер көрсеткен алғашқы бүкілодақтық жетістігі болатын.
1953 ж. Бухарестте өткен Бүкіләлемдік жастар мен студенттер арасындағы фестивальде Геннадий Рожков ССРО чемпионатының финалисті, әрі жарыстың қола жүлдегері атанды. Геннадий шет елдегі жарыстарға қатысқан алғашқы қазақстандық боксшы. Сол жылы ол Варшавадағы (Польша) Еуропа чемпионатында ССРО құрамасының сапына енді.
1954 ж. Игорь Иванов ССРО чемпионатының финалисті.
1956 ж. Виктор Каримов ССРО чемпионатының қола жүлдегері және І-ші ССРО халықтары Спартакиадасының қола жүлдегері.
1957 ж. Әбдісалан Нұрмаханов ССРО чемпионатының финалисті
1959 ж. 1941 жылы құрылған Республикалық бокс федерациясы ССРО бокс федерациясының құрамына енді. ССРО халықтарының Спартакиадасында Қазақстан боксшылары РСФСР, Мәскеу және Ленинград командаларына есе жіберіп, төртінші орынға жайғасты. Анатолий Кадетов ССРО халықтары Спартакиадасының жеңімпазы, әрі ССРО чемпионы атанды. Ал Әбдісалан Нұрмаханов қола иемденді.
1960 ж. Виктор Каримов ССРО чемпионы.
1962 ж. Владимир Каримов пен Әбдісалан Нұрмаханов ССРО чемпионатының финалисттері.
1963 ж. Әбдісалан Нұрмаханов Джакартада өткен Азия, Африка және Латын Америкасы (ГАНЕФО ойындары) ойындарының жеңімпазы. Ол Дания, Венгрия, Батыс Германия және басқа елдердің шаршы алаңдарында сәтті ойын өрнегін көрсеткен. ССРО чемпионаттарында екі күміс, үш қола медальға ие болған. Қазақстанның алғашқы спортшы – боксшысы ретінде оған 1968 жылы ССРО еңбегі сіңген спорт шебері атағы берілді. Юрий Селиверстов және Анатолий Кадетовтер ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері.
1964 ж. Владимир Каримов ССРО чемпионы
1965 ж. Владимир Каримов ССРО чемпионатының финалисті, ал Виктор Минаков болса ССРО чемпионатының қола жүлдегері.
1967 ж. Виктор Минаков пен Әбдісалан Нұрмаханов ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері.
1968 ж. Марат Жақсыбаев, Борис Кошевин, Юрий Селиверстов және Виктор Минаковтар ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері.
1969 ж. Жандос Кукумов пен Әбдрашит Әбдрахманов Лас-Вегаста (АҚШ) өткен тұңғыш ССРО матчының финалисттері
1970 ж. Әбдрашит Әбдрахманов ССРО чемпионы
1971 ж. Әбдрашит Әбдрахманов ССРО-ның екі дүркін чемпионы, ал Анатолий Торопов ССРО чемпионатының қола жүлдегері.
1971 ж. ССРО халықтарының V Спартакиадасында Олег Гуров чемпион титулын жеңіп алды, Жандос Кукумов пен Анатолий Торопов екінші орынға, ал Юрий Хрянин, Виктор Гребенюк, Әбдрашит Әбдрахманов пен Марат Жақсыбаев қола медальмен марапатталды. Команда ССРО-ның бесінші орнына жайғасты.
1972 ж. Анатолий Торопов ССРО чемпионатының финалисті.
1974 ж. Анатолий Торопов ССРО чемпионы, Бахтай Сапеев ССРО чемпионатының финалисті, ал Василий Плакущий мен Леонид Тлеубаев ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері.
1975 ж. ССРО халықтарының VI Спартакиасында (Ташкент қаласы) команда 5-ші орынды иемденді. Василий Плакущий мен Александр Шевченко ССРО чемпионатының финалисттері, ал Төлғазы Тұрсынқанов ССРО чемпионатының қола жүлдегері атанды.
1976 ж. Валерий Рачков ССРО чемпионы, ал Василий Плакущий, Бахтай Сапеев және Болат Әсембаевтар ССРО чемпионатының қола медаль иегерлері.
1977 ж. Валерий Рачков ССРО чемпионы, ал Василий Плакущий ССРО чемпионатының финалисті, Александр Стрельников ССРО чемпионатының қола иегері.
1978 ж. В. Рачков әлем чемпионатындағы (Белград, Югославия) тұңғыш қазақстандық жеңімпаз. Валерий Рачков ССРО чемпионы, ал Василий Плакущий мен Виктор Демьяненко ССРО чемпионатының финалисті, Қайрат Бөкенов ССРО чемпионатының қола жүлдегері.
1979 ж. ССРО халықтарының VII Спартакиадасында (түрлі қалаларда) командалық 3-ші орынға табан тіреді, Камиль Сафин Спартакиада чпемпионы атағын қанжығалады. Виктор Демьяненко ССРО чемпионы, ал Серік Нұрқазов ССРО чемпионатының финалисті, Серік Қонақбаев ССРО чемпионатының қола жүлдегері және Виктор Демьяненко Кельн қаласында (Германия) Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды. С. Қонақбаев Нью-Йоркте (АҚШ) Әлем кубогын олжалады.
1980 ж. Виктор Демьяненко мен Серік Қонақбаев ССРО чемпиондары, Серік Нұрқазов ССРО чемпионатының финалисті, Мәскеудегі Олимпиада ойындарында Серік Қонақбаев пен Виктор Демьяненко күмістен алқа тағынды.
1981 ж. С. Қонақбаев Монреалда (Канада) өткен әлем кубогын жеңіп алды. Серік Нұрқазов Тампер қаласындағы (Финляндия) Еуропа чемпионатының қола иегері. Тампердегі (Финляндия) Еуропа чемпионатында екінші рет жеңіске жеткен С. Конакбаев Монреаль (Канада) қаласындағы Әлем кубогында ресми түрде әлемнің үздік әуесқой боксшысы атағына ие болды. Игорь Михайлов, Елеусіз Дүйсеков пен Берік Нұрмағамбетов ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері.
1982 ж. Серік Нұрқазов ССРО чемпионы, ал Елеусіз Дүйсеков ССРО чемпионатының финалисттері, Александр Черепанов ССРО чемпионатының қола иегері.
1983 ж. ССРО халықтарының VIII Спартакиадасында (Мәскеу қаласы) командалық 2-ші орынды қанағат тұтты. Спартакиаданың жеңімпаздары болып Эрик Хакимов пен Виктор Демьяненко танылды. Серік Нұрқазов Варн қаласында өткен Еуропа чемпионатын жеңіп алды, ал Кәрімжан Әбдрахманов, Рашид Кабиров, Виктор Демьяненко және Александр Мирошниченко үшінші орындардан көрінді. Римде (Италия) өткен әлем кубогында Серік Нұрқазов пен Бейбіт Есжановтар күмістен алқа тағынды. Виктор Демьяненко пен Эрик Хакимов ССРО чемпиондары және ССРО халықтарының VIII Спартакиадасының жеңімпаздары, Александр Черепанов пен Жұматай Түсіпов ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері. Рашид Кабиров ССРО чемпионатында жеңіске жетіп, ССРО халықтарының VIII Спартакиадасының финалисті атанды.
1984 ж. Гаванадағы «Дружба» халықаралық турнирінде Кәрімжан Әбдрахманов пен Серік Нұрқазовтар күмістен алқа тағынса, ал Серік Қонақбаев үшінші орынды қанағат тұтты. Кәрімжан Әбдрахманов, Серік Нұрқазов, Серік Қонақбаев және Асылбек Килимов ССРО чемпиондары, ал Бейбіт Есжанов, Александр Черепанов, Виктор Демьяненко және Эрик Хакимовтар ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері.
1985 ж. Кәрімжан Әбдрахманов Будапешт қаласында (Венгрия) өткен Еуропа чемпионаты мен Сеулдегі (Корея) әлем кубогында үшінші орынға ие болды. Асылбек Килимов ССРО чемпионатының финалисті, ал Қайрат Ғалымтаев пен Игорь Ружников ССРО чемпионатының қола иегерлері.
1986 ж. ССРО халықтарының IX Спартакиадасында (Мәскеу) командалық 2-ші орынға жайғасты. Спартакиада чемпиондары Игорь Ружников. Серік Нұрқазов Кеңес Одағының үш дүркін чемпионы, ал Асылбек Килимов ССРО чемпионатының финалисті. Бейбіт Есжанов ССРО чемпионы атанды, ал Амзалы Ақылбаев ССРО чемпионатының финалисті. Игорь Ружников жеңімпаз атанса, ал Кәрімжан Әбдрахманов пен Александр Мирошниченко Мәскеу қаласындағы І Добрая воля ойындарының күміс иегерлері. Александр Мирошниченко ССРО чемпионы, ал Эрик Хакимов ССРО чемпионатының финалисті, Игорь Ружников ССРО чемпионатының қола жүлдегері. Кәрімжан Әбдрахманов ССРО Кубогының иегері және ССРО чемпионатының қола жүлдегері.
1987 ж. Бейбіт Есжанов пен Игорь Ружниковтер ССРО чемпионатының финалисттері, ал Серік Нұрқазов ССРО чемпионатының қола жүлдегері.
1988 ж. Александр Мирошниченко ССРО чемпионы, ал Эрик Хакимов ССРО чемпионатының финалисті, Валентин Юнусов, Игорь Ружников және Талғат Бердібеков ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері. Сеулдегі (Корея) олимпиада ойындарында Александр Мирошниченко қоладан алқа тағынды.
1989 ж. Мәскеуде өткен әлем чемпионатында И.Ружников чемпион атанды, ал Александр Мирошниченко күміс олжалады. Игорь Ружников Афиныда өткен Еуропа чемпионаты мен ССРО чемпионатында жеңіске жетті. Александр Мирошниченко ССРО чемпионы, әрі Еуропа чемпионатының қола иегері. Есболат Нұрманов ССРО чемпионатының финалисті. Мереке Жүсіпов, Валентин Юнусов, Марат Джакиев, Талғат Бердібеков және Серік Өмірбеков ССРО чемпионатының қола иегерлері.
1990 ж. Кәрімжан Әбдрахманов ССРО чемпионатында жеңіске жетті. Нұрлан Қалыбаев, Вадим Присяжнюк, Игорь Шишкин және Михаил Юрченко ССРО чемпионатының финалисттері атанды. Мереке Жүсіпов, Есболат Нұрманов, Жұматай Түсіпов пен Серік Өмірбеков ССРО чемпионатының қола жүлдегерлері.
1991 ж. ССРО халықтарының X Спартакиадасында (Минск қаласында) командалық 1-ші орын, Спартакиада чемпиондары: Болат Теміров, Қанатбек Шағатаев, Игорь Шишкин, Николай Кульпин. Болат Теміров ССРО чемпионы, ал Бектас Әбубәкіров пен Мереке Жүсіпов ССРО чемпионатының финалисттері, Николай Кульпин ССРО чемпионатының қола жүлдегері.
1992 ж. Болат Жұмәділов, Болат Теміров және Михаил Юрченколар ТМД чемпиондары атанды, ал Мереке Жүсіпов, Аркадий Топаев және Николай Кульпиндер ТМД чемпионатының финалисттері, Самат Мұсатаев қола иегері. Қазақстанның бокс федерациясы АИБА мүшелігіне еніп, Азиаттық бокс конфедерациясының құрамына енді.
1993 ж. Тампер қаласындағы (Финляндия) әлем чемпионатында В. Жиров қоладан алқа тағынды. AIBA-ның «Европа бокс мэгэзин» журналында Цхвирашвили Борис Семенович ең үздік төреші атанды. Ол Мәскеудегі Олимпиада ойындарында (1980 ж.), Атлантада (АҚШ, 1996 ж.) төрелік етті. Сиднейдегі (2000 ж) Олимпиада ойындарында төрешілер мүшесі болған.
1994 ж. Бангкок қаласында (Таиланд) өткен әлем кубогында А.Топаев алтын олжалады, К.Шағатаев күміс, ал Б.Ниязымбетов пен В.Шторм қола медаль тағынуға лайық деп танылды.
1995 ж. Берлиндегі (Германия) әлем чемпионатында Б.Жұмәділов күмістен алқа тағынса, В.Жиров қоламен қоржынын томпайтты.
1996 ж. Атлантадағы Олимпиада ойындарында 4 медальмен (1-алтын, 1- күміс, 2- қола) дебют жасаған Қазақстан құрамасы командалық есепте Куба мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орынды қанағат тұтты. Үздік нәтижелерге 81 келіде жұдырықтасқан Василий Жиров жетті. Боксшы тек олимпиада чемпионы болып қана қоймай, әлемнің 8 елінің боксшылары жеткен Олимпиада ойындарының мәртебелі сыйлығы Вэл Баркер кубогын жеңіп алды. Атлантадағы Олимпиадада Болат Жұмәділов күміс алқамен, ал Ермахан Ибраимов пен Болат Ниязымбетов қоламен марапатталды.
1997 ж. Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатында Ермахан Ибраимов күмістен алқа тағынса, Б. Жұмәділов қолаға қол жеткізді.
1998 ж. Пекиндегі (Қытай) әлем кубогында Е.Ибраимов қолаға қол жеткізді. Бангкоктегі (Таиланд) Азиада ойындарында М.Ділдәбеков пен Е.Ибраимов чемпион атанды.
1999 ж. Хьюстон қаласындағы (АҚШ) әлем чемпионатында Б.Жұмәділов алтын алқаға лайық деп табылса, Мұхтархан Ділдәбеков күміс, ал Е.Ибраимов қола медаль тағынды.
2000 ж. Сидней Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны 2 алтын, 2 күміспен толықты. Олимпиада ойындарының чемпионы атағын Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов жеңіп алса, күміс алқаның иегерлері болып Болат Жұмәділов пен Мұхтархан Ділдәбеков танылды.
2001 ж. Белфаст қаласында (Солтүстік Ирландия) өткен әлем чемпионатында Галиб Джафаров күміс иеленді.
2002 ж. Пусандағы (Корея) Азия ойындарында Геннадий Головкин мен Нұржан Кәрімжанов жеңіс тұғырының жоғарғы сатысына мінді. Ал ауыр салмақта өнер көрсеткен Мұхтархан Ділдәбеков күміс тақты.
2003 ж. Бангкоктегі (Таиланд) әлем чемпионатында Г. Джафаров пен Г.Головкин алтыннан алқа тақты.
2004 ж. Афины Олимпиадасында Бахтияр Артаев олимпиада чемпионы атанып, бокстың мәртебелі трофейі, Вэл Баркер кубогына лайық деп танылды. Афиныда Геннадий Головкин күміс, ал Серік Елеуов болса қолаға қол жеткізді.
2005 ж. Қытайдың Мяньянг қаласындағы әлем чемпионатында С.Сәпиев пен Е. Жаңабергеновтер алтын алса, Б.Жақыпов, М. Сәрсембаев және Б. Артаевтар жеңіс тұғырының төменгі сатысына жайғасты.
2006 ж. Доха қаласындағы (Катар) Азиада ойындарында Бақыт Сәрсекбаев алтын олжалады. Бақтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбековтер күміс тақты. Ал Галиб Джафаров, Серік Сәпиев және Дмитрий Готфридтер қола еншіледі. Нингбодағы (Қытай) әлем чемпионатында Назгүл Боранбаева III орынға көтерілді.
2007 ж. Чикагода (АҚШ) өткен әлем чемпионатында Серік Сәпиев алтын олжалап, қазақ боксының тарихында екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бақтияр Артаев пен Еркебұлан Шынәлиевтер қола алқаны қанағат тұтты.
2008 ж. Пекин Олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев олимпиада чемпионы, ал Еркебұлан Шынәлиев қола иемденді. Әлем чемпионатында Елена Кольцова III орынға табан тіреді. Азия чемпионатында Жұлдызай Иманбаева II орынға ие болды. Оксана Королева, Дариға Шакимова және Саида Хасеновалар қола медальға қол жеткізді.
2009 ж. Милан қаласындағы (Италия) әлем чемпионатында Серік Сәпиев қола алды. Ханойдағы (Вьетнам) жабық ғимаратта өткен Азия ойындарында Саида Хасенова II-ші орын, ал Дариға Шакимова – III-ші орын иемденді.
2010 ж. Гуанчжоу қаласындағы (Қытай) Азия ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтынға қол жеткізді. Бірінші жүлдені Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов, күмісті Біржан Жақыпов және Иван Дычко, қоланы Данабек Сужанов алды. Астанада әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан командасы І-ші орынға жайғасты. Азия чемпиондары болып Жайна Шекербекова (Шымкент), Саида Хасенова (Алматы), Дариға Шакимова (Петропавл), Марина Вольнова (Астана) атанды. Назгүл Боранбаева (Астана) күмісті олжаласа, қола медаль Әйгерім Асқарова (Тараз), Елена Кольцова (Қостанай), Юлдуз Маматкуловаларға (Тараз) бұйырды. 2010 жылы Бриджтаун (Барбадос) қаласында өткен әлем чепионатында Марина Вольнова күмістен алқа тағынса, Назгүл Боранбаева екінші рет әлемдік біріншіліктің қола медалына қол жеткізді. 2010 жылғы Гуанджоудағы (Қытай) Азия ойындарында Саида Хасенова (Алматы) қоладан алқа тағынды.
2011 ж. Бакудегі (Әзірбайжан) әлем чемпионатында Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязымбетов күміс олжаласа, Ғани Жайлауов пен Иван Дычко қола тағынды. «Астана Арланс» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) дебютті маусымының финалисттері атанды. Ал Қанат Әбутәліпов Бүкіләлемдік бокс сериясының жеке біріншілігінің жеңімпазы атанып, 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы ұтып алды.
2012 ж. Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев алтыннан алқа тағынып, Вэл Баркер кубогына ие болған үшінші қазақстандық боксшы атанды. Әділбек Ниязымбетов күміс алқаға лайық деп танылса, Иван Дычко қолаға қол жеткізді. Олимпиада ойындарының тарихына бірінші рет енгізілген әйелдер арасындағы турнирде Марина Вольнова қола алқамен қоржынын майлады. Циньхаундауда (КХР) әйелдер арасында бокстан өткен әлем чемпионатында Юлдуз Маматкулова күміс, ал Назым Қызайбай қолаға қол жеткізді. 21 наурызда АИБА штаб –пәтерінің (Лозанна қаласы, Швейцария) AIBA Professional Boxing (APB) атқарушы бюросының бірінші отырысында Т.А.Кулибаев АРВ-дан АИБА вице-президенті болып бірауыздан тағайындалды. Бұған қоса Қазақстан бокс федерациясының президенті және АИБА Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.
2013 г. «Астана Арланс» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясы III маусымының жеңімпазы атанды.

Қазақстанда бокстан ССРО спорт шебері атағына бірінші болып қол жеткізгендер:
• Ш. Бөлтекұлы «Еңбек», Алма-Аты (1947 ж.)
• Г.Ф. Рожков «Динамо», Алма-Аты(1953 ж.)
• И. В. Иванов «Динамо», Алма-Аты (1954 ж.)
• В.К. Каримов «Трудовые резервы», Алма-Аты
• А.К. Кадетов «Динамо», Алма-Аты
• М.И. Омаров «Динамо», Алма-Аты
• Б.Н. Тычинин «Спартак», Алма-Аты
• М. Хайрутдинов «Енбек», Балхаш (1956 ж.)
• И.С. Гильдин «Трудовые резервы», Алма-Аты
• В.А. Лопатников «Трудовые резервы», Алма-Аты
• А. Нурмаханов «Буревестник», Алма-Аты
• Л.Л. Тришкин «Трудовые резервы», Қарағанды (1957 ж.).

1992 жылға дейінгі ССРО және ТМД чемпионаттарында Қазақстан боксшылары 157 медальға (36 алтын, 44 күміс, 77 қола) қол жеткізді.
Бұл Бүкілодақтық федерацияға енетін 17 бокс федерациясының 5-ші сатысындағы көрсеткіщ. 6 әлем чемпионатында ССРО құрамасында өнер көрсеткен Қазақстан боксшылары 4 медальға: 2 алтын және 2 күміске қол жеткізді. Олимпиада ойындарында ССРО құрамасының намысын қорғаған қазақстандық былғары қолғап шеберлері жалпыодақтық қоржынға 2 күміс, 3 қола салып берді.

ССРО Еңбегі сіңген спорт шебері атағына ие болған қазақстандық боксшылар:
• В. Рачков - 1978 ж әлем чемпионы.
• И. Ружников - 1989 жылғы әлем және Еуропа чемпионы.
• С. Қонақбаев Еуропаның екі дүркін чемпионы, кубок иегері және Мәскеудегі (1980 ж) Олимпиада ойындарының финалисті.
• В. Демьяненко - 1979 жылғы Еуропа чемпионы және Мәскеудегі (1980 ж.) Олимпиадалық ойындардың финалисті
ССРО тұсында Қазақстанның 26 боксшысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері (ХДСШ) атағына ие болды.
Әлем чемпиондары, Еуропа және Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарын жаттықтырған С. Болдырев, Ю. Цхай, А. Аникин (барлығы Алматы қаласы), В. Никулин (Қостанай), В. Гинкельдерге (Теміртау) ССРО-ның еңбегі сіңген жаттықтырушылары атағы берілді.
Кеңес дәуірінде Қазақстанда халықаралық дәрежедегі 4 төреші: АИБА Б. Цхвирашвили, ЕАБА А. Нұрмаханов (Алматы), В. Батурин (Алматы), А. Глебчук (Қарағанды) дайындалды.

Елімізде бокстың дамуына Қазақстан бокс федерациясының президенттері елеулі үлес қосты.
• 1993 -2000 жж. Бекет Сапабекович Махмұтов, бұған қоса ол Халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) вице-президенті болып тағайындалған.
• 2000 - 2002 жж. Нұрлан Утепович Балғымбаев.
• 2002 - 2004 жж. Лаззат Кетебаевич Киинов.
• 2004 - 2005 жж. Аскар Алтынбекович Кулибаев.
• 2005 - 2008 жж. Ұзақбай Сулейменович Қарабалин.

Қазақстанның бокс федерациясы Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) мен АИБА кәсіпқой боксының инновациялық жобаларына белсенді араласып келеді.
2010 жылдың 19 қарашасында қазақстандық Astana Arlans клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа жобасын бастады.
WSB АИБА жобасы, бокс әлеміндегі жаңашылдық. Бұл боксшылардың Олимпиада ойындарына қатысуын сақтап қалатын бірінші кәсіби серия.

2010 жылдың қаңтар айында Қазақстан бокс федерациясы WSB жобасына қатысу жөніндегі келісім –шартқа қол қойды. 2010 жылдың сәуірінде «Astana Arlans» кәсіби спорт клубы құрылды.
2010 жылдың шілдесінде Astana Arlans командасына WSB версиясындағы кәсіби бокстан ҚР ұлттық құрамасы атағы берілді.
Бүкіләлемдік бокс сериясының екінші матчының финалында Astana Arlans 1:4 есебімен «Париж Юнайтед» командасына есе жіберіп, WSB чемпионатының дебютті маусымында екінші орынға қол жеткізді. Қанат Әбутәліпов Бүкіләлемдік бокс сериясының жеке біріншілігінің жеңімпазы атанып, 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына бірінші жолдаманы жеңіп алды.
2013 жылы Astana Arlans командасы WSB үшінші маусымының жеңімпаздары атанды.

Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!