Бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды

12 қараша

Шымкент төрінде шаршы алаңға шыққан кіл мықты боксшылар өзара кім мықтыны анықтады.

12 Қараша 2017

Жоғары деңгейде өткен жарыста жанкүйерлер күтпеген нәтижелер де болды. Кәсіпқой бокста бақ сынап үлгерген боксшылардың да жеңілгені болды. Жалынды жас боксшылардың жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінездеріне де ел куә болды. Төрешілер шешімі қайта қаралып, жеңімпаз қайта анықталған сәттер де орын алды.

Тіпті финалда да мұндай жағдайлар қайталанды. Ел чемпионы атағына 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов, Олжас Байниязов (52 кг), Ільяс Сүлейменов (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Бекдәулет Ибрагимов (64 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Абай Төлеш (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Антон Пинчук (91 кг), Нұрсұлтан Аманжолов (+91 кг) қол жеткізді.

181 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: