Бес боксшымыз ширек финалда

02 мамыр

Бес боксшымыз ширек финалда. Жомарт Ержан (49 кило) Хасанбой Дусматовпен кездеседі. Жомарт бұған дейін өзбекті бір мəрте жеңген. Қайрат Ералиев (56 кило) жапониялық Руони Танакамен жұдырықтасады. Бекдəулет Ибрагимов (64 кило) шри-ланкалық Душан Сапарамадумен, Əбілхан Аманқұл (75 кило) сириялық Абдул Моуен Аззизбен шаршы алаңға шығады. Василий Левит (91 кило) бəсекені 1/4 финалдан бастайды. 2 мамыр күні тағы бес боксшымыз өнер көрсетеді. Ташкенттегі Азия чемпионатын ширек финалдан бастап "Kazsport" телеарнасынан тамашалай аласыздар.

377 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: