Конфедерация Кубогының «А» тобының іріктеу кезеңі мәресіне жетті

15 қазан

Кеше Талдықорған қаласында Конфедерация Кубогының «А» тобының іріктеу кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары сынға түсті. Сайыстың ашылу салтанатына Күш қолданылатын спорт түрлері және Алматы облысының басшылары қатысты. Өз жерінде Алматы облысы еркін және грек-рим күресі мен таеквондодан қарсылас шақ келтірмей, Конфедерация Кубогының финалына жолдама алды.

Айта кету керек, Алматы облысы құрамасы тәжірибелі спортшылардан құралған. Мысалы 2017 жылғы Франция астанасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев және Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Нұрмахан Тінәлиев бар.

Конфедерация Кубогы додасының аясында спорт жанашырлары мен кәсіпкерлер әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа көліктің кілтін табыс етті.

684945

Дзюдо күресінің жарыстары да өте тартысты өтті. Ақтық сында Павлодар мен Атырау құрамалары сынға түсіп, Атырау облысы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Енді ақтық кезең 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, сайыстың жалпы жүлде қоры 125 млн теңге.

392 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: