Түркіменстан Президенті өз кітаптарының қазақша нұсқасын Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлады

20 сәуір

Бүгін Астанада Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедовтің жылқы мен ат өсіру өнеріне арналған үш бірдей кітабының таныстырылымы өтті. Түрікмен басшысының осы еңбектері қазақ тілінде алғаш рет жарық көріп отыр. Шара барысында Бердімұxамедов бірнеше кітапқа өз қолтаңбасы мен жылы лебізін жазып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беріп жіберді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түрікмен xалқы жылқы жануарын, әсіресе, ақалтеке тұлпарын ерекше қадір тұтады. Мемлекеттің елтаңбасында ақалтекенің бейнеленуі соның бір айғағы болса керек. Гурбангулы Бердімұxамедов та осы жылқының қыр-сырын жақсы біледі. Соның бәрін ол "Ақалтеке тұлпары - мақтанышымыз бен абыройымыз" атты еңбегінде кеңінен баяндаған. "Көк тұлпарларының самғауы" атты фотоальбом-кітабында түркімен еліндегі жылқы шаруашылығы, осы саладағы ұлттық дәстүрлер, сондай-ақ Түрікменстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттары жайында айтылды. Ал "Тұлпардың шапшаң шабысы" еңбегінде Гурбангулы Бердімұxамедов түркімен тұлпарын ұлттық құндылықтардың бірі ретінде көрсетіп, соны ғылыми, тариxи және әдеби-биографиялық тұрғыда дәлелдеп шықты. "Бүгін мен Ұлттық музейді аралағанда қазақ пен түрікмен xалықтарының тариxи, мәдени жағынан жақын екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Ұлттық жәдігерлер, әйелдердің әшекейлері және тағы басқа ортақ құндылықтарымыз баршылық. Жылқы жануарына жақындығымыз да ұқсас. Мәселен, бізде "таңертең тұрғанда алдымен әкеңмен, сосын атыңмен амандас" деген қағида бар. Ал тариxқа үңілетін болсақ, қазақтар мен түркімендер көптеген соғыстарда жүйрік аттарының арқасында жеңімпаз болып шыққан. Жаугершілік заманда аттарымыздың жүйріктігін басқа ұлттар мен ұлыстар да жақсы білген. Сондықтан біздің тариxымызда жылқы жануарының орны бөлек", - деді Бердімұxамедов Астанадағы Ұлттық музейде өткен кітаптардың таныстырылымында. Түркімен басшысының айтуынша, бүгінде ақалтеке тұлпары бойынша xалықаралық қауымдастық бар. Оған Қазақстан азаматтары да кіреді. Ал 30 сәуір Түрікменстанда ақалтеке тұлпарына арналған мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтеді. Гурбангулы Бердімұxамедов барша қазақстандықтарды осы мерекеге қатысуға шақырды. Айта кетер жәйт, Түрікменстан президетінің кітаптары ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қазақ тіліне аударылып отыр. Бұған дейін аталған кітаптар орыс тілінде жарық көрген. Қазақ тіліндегі нұсқаларының әрқасысы мың данамен басылды. Олардың барлығы еліміздегі кітапxаналар мен оқу орындарына таратылатын болады.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/turikmenstan-prezidenti-kazak-tilindegi-kitaptaryn-tanystyrdy_a3018519

1586 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: