БАҚ біз туралы

  • 20-26 маусым аралығында Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Біздің құраманың бас жаттықтырушы Алексей Ни жақында Талдықорғанда өткен ел чемпионаты осы құрлық біріншілігіне дайындық болғанын айтты. "Біз ел чемпионатын Азия чемпионатына дайындық ретінде қарастырдық. Біріншілік қорытындысы бойынша біз кандидаттардың негізгі және резервтік тізімін жасадық, оған Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздары кіріп отыр. Барлық штангашылар 14 маусымға дейін Алматыда жаттығатын болады. Сол күні бізде соңғы жиын өткізіп, негізгі құрамды нақтыламақпыз», – деді Ни мырза vesti.ru сайтына берген сұхбатында. Негізгі құрамаға үміткерлердің денін Талдықорғанда өткен ел біріншілігінің чемпиондары құрап отыр. Жігіттер: Тимур Хасаров, Арли Чонтей, Фархат Харки, Ғалым Жұбатқанов, Кирилл Павлов, Денис Уланов, Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов, және жүлдегерлер Азамат Рымқұлов, Әділбек Балхаев, Дмитрий Каплин, Ербол Мейірманов және т.б. Қыздар арасында Анна Нұрмұхамбетова, Анастасия Швабауэр, Карина Горичева, Александра Аборнева және Гүлназ Наурызова сынды спортшылардың мүмкіндіктері зор. Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Илья Ильин сынды Олимпиада чемпиондарымыз бұл турнирге қатыспайды. Фото voxpopuli.kz
    28 мамыр
    Таэквондодан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Аманқұлов 15- 21 шілде аралығында Мексиканың Пуэбле қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын команданың құрамымен таныстырды. vesti.kz порталының хабарлауынша, әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық таэквондошылардың тізіміне мына спортшылар кіріп отыр: Қыздар: Әйгерім Ермекова (46 кг дейінгі салмақ санаты), Ақниет Садықова (49 кг дейін), Малика Жандаева (57 кг дейін), Феруза Ергешова (62 кг дейін), Гүлнафис Айтмұхамбетова (73 кг дейін), Жұлдыз Күмісбекова (73 кг астам). Жігіттер: Шоқан Ержанов (54 кг дейін), Жалғас Бекқасымов (68 кг дейін), Нұрсұлтан Мамаев (63 кг дейін) (суретте сол жақта), Алмас Мукаманов (68 кг дейін), Қайрат Сарымсақов (74 кг дейін), Сергей Пак (87 кг астам). Отандық таэквондошылардың алдына қандай медаль болса да алу міндеті қойылып отыр. Аманқұловтың айтуынша, әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Олимпиада қарсаңындағы циклда басымдық берілетін таэквондошылар анықталатын болады. Фото Getty Images
    27 маусым Автор http://kfb.kz
  • Бокстан Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс медаль қанжығалап, Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды. Теміртас Жүсіпов (49 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91кг), Иван Дычко (+91 кг) Азия чемпионы атанды. Әділбек Ниязымбетов (81 кг) күмісті қанағат тұтты. Оған қоса, Данияр Елеусінов Азияның үздік боксшысы атанды. Халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) вице-президенті, Қазақстанның бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаев ұлттық құрама спортшылары мен ұлттық жаттықтырушыларын осынау айтулы жеңістерімен құттықтап, хат жолдады. – Азия чемпионатындағы жеңістеріңіз – Қазақстан боксының әлемнің спорт аренасындағы айтулы жетістігі. Осындай деңгейдегі халықаралық турнирде бір елдің өкілдері алғаш рет жеті бірдей алтынды иеленіп отыр. Сіздердің жеңістеріңізді құрметіне жеті рет біздің еліміздің әнұраны орылданып, жеті рет Қазақстан жалауы көтерілді. Биыл Қазақстан боксы 80 жылдығын атап өтуде. Біздің елімізде бокстың даму тарихында талай айтулы оқиғалар болды. Сіздер отандық бокстың тарихындағы жаңа парақты ашып отырсыздар. Біз Сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз!-делінген құттықтауда. Кеше, 8…
    09 шілде пресс служба
    15 шілдеде Астанада Қазақстанның бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаев бокстан ұлттық құраманың спортшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Т.Құлыбаев спортшыларымызды бокстан Азия чемпионатындағы айтулы жеңістерімен құттықтады. Федерация президенті өз сөзінде, бұл жетістік спорттың осы түрінде Қазақстанның Азияда көш бастап отырғанын тағы да дәлелделеген айтты. «Амманда жеңіп алынған жеті алтын - жақында жаңара қоятын рекорд емес!», деді ол өз сөзінде. Биылғы жыл Қазақстан боксы үшін ерекше жыл - алғаш рет біздің елімізде спорттың осы түрінен әлем чемпионаты өтеді, АИБА-ның Дүниежүзілік бокс академиясы ашылады. Оған қоса, ағымдағы Қазақстандағы бокс жүйесіне 80 жыл толады, ал осыдан 35 жыл бұрын, 1978 жылы Валерий Рачков бокстан әлем чемпионы болған алғашқы қазақстандық атанды. Федерация президенті спортшылар мен жаттықтырушыларға мол жетістік тіледі!
    15 шілде
  • Қазандағы жазғы XXVII Дүниежүзілік универсиада аясында бокс турнирінің ширек финалы өтуде. Қазақстандық боксшылардың қатарынан бүгін өнер көрсеткендер: (60 кг) Ғани Жайлауов Адлан Абдурашидовтен (Ресейя) 3:0 есебімен жеңіліп қалды. (64 кг) Айдар Әмірзақов украиналық Денис Беринчуктан жеңілді - 3:0 (75 кг) Нұрдаулет Жарманов Джабу Коситашвилиді (Грузия) 2:1 есебімен жеңді. (+ 91 кг) Жан Кособуцкий молдовалық Алексей Заватинді 3:0 есебімен жеңді. Нәтижелер: 5 шілде Session 1A Session 1B 6 шілде Session 2A Session 2B 7 шілде Session 3A Session 3B
    08 шілде
    Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының құрылуы осы ұйымға қарайтын спорт түрлерін дамытуға бұрынғыдан да зор қолдау болатыны анық. Қазақстанда аға буын спортшылардың лайықты ізбасарлары өсіп келеді - жас дзюдошылардың жастар арасындағы халықаралық және республикалық жарыстардағы жетістіктері осының айғағы. Спортты дамыту жөніндегі жұмыстар барлық өңірлерде жүргізілуде. Жамбыл облыстық дзюдо және самбо федерациясының президенті Манарбек Ағайдаров біздің басылымға берген сұхбатында отандық дзюдоны дамыту мақсатында өңірлерде қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы әңгімелеп берді. - Жамбылдық спортшылардың әлеуеті оларға, бірнеше жыл болды, ішкі ғана емес, халықаралық жарыстарда да табысты өнер көрсетуге мүмкіндік беріп келеді. - Біздің облыста екі мыңнан астам адам дзюдомен айналысады, менің ойымша, бұл жаман көрсеткіш емес. Оның үстіне, бұл жекпе-жек елімізде басымдықты спорт түрі болып саналады, ал дәстүр бар жерде, нәтижелер де бар. Ересектер арасында Талдықорғанда өткен соңғы Қазақстан чемпионатында жамбылдық дзюдошылар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ел құрамасына Жамбыл облысының атынан бес спортшы кіріп отыр, олар – Ленария Мингазова, Елдос Сметов, Ертуған…
    08 тамыз Казыбек АЙСИН
  • 17-18 тамызда Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорттық-сауықтыру кешенінде таеквондодан WTF (керуги)ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР кубогы өтті. Жарысқа еліміздің 13 аймағынан 150-ден астам спортшы қатысты. Таңғы 10-да басталған дода қатарласқан екі бозкілем үстінде өтті. 17 тамызда, салтанатты түрде 14.00-де ашылған рәсімде іріктеу спаррингтер өтті. Қалған бір жарым күнде іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен спортшылар жартылай және финалдық тартыстарды өткізді. Таеквондодан WTF Қазақстан кубогын республикамыздың ең үздік 20 төрешілері қамтамасыз етті, сондай-ақ жарыстың қонағы ретінде Олимпиада жүлдегері Арман Чилманов та қатысты. Ерлер мен әйелдер арасындағы (керуги) таеквондодан ҚР Кубогының алғашқы күнгі нәтижелері Ерлер 54 кг 1. Әбдраш Аян 2. Жұмағали Ғалым 3. Жүсіпбаев Руслан, Қалмұратов Фуркат 63 кг 1. Қасымқұлов Дархан 2. Табылдиев Амантұр 3. Ерланов Диас, Қоқымбаев Қуат 74 кг 1. Дүйсебаев Айбар 2. Гусейнов Парвин 3. Шалкенов Нұрбол, Мұратов Дастан 87 кг 1. Шакиев Үмбет 2. Тұрсынбеков Әнуар 3. Дарбаев Тлеген, Мирный Алексей Әйелдер 46 кг 1. Қаңтай Эсмира 2. Агилова Шахсанам 3. Бақытова Ботагөз, Мұсаева…
    19 тамыз
    2013 жылдың 16 тамызында Нанкин қаласында (Қытай) екінші рет жасөспірімдер арасындағы Азиада ойындарының ашылуы өтті. Жарыстың ресми сайтынының хабарлауынша, 16-24 тамыз аралығындағы тартыс спорттың 17 түрінен болды. Медаль үшін болған додаға 45 Азиада аумағының 2 430 спортшысы қатысты. Қазақстандық дзюдошы Анатолий Дураченко алғашқы күнгі тартыста-ақ көзге түсіп, 55 келі салмақ нәтижесі бойынша қола медальға қол жеткізді. Жасөспірімдер арасындағы азиада ойындарының вице-президенті және ұйымдастырушы комитеттің бас хатшысы Янь Лю дүбірлі доданың ашылу салтанатында «Бұл Ойын тек спорт үшін болып жатқан жоқ, керісінше, жастар арасында осы саладағы ілімдерді кеңінен насихаттайтын ойының түрі» деді. Жасөспірімдер арасындағы азиада ойындары олимпиадалық жүйемен жылына төрт рет Азия Олимпиадалық кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылады. Бірінші ойындар 2009 жылы Сингапурде өткен, ал келесі ойындар Хамбантота, Шри-Ланкада өткізілмек.
    19 тамыз
  • AIBA Халықаралық бокс қауымдастығы боксшылардың рейтингін жаңартты. 2013 жылдың 1-ші тамыздағы көрсеткіші бойынша қазақстандық екі бірдей былғары қолғап шебері алғашқы екі орынға жайғасты: 69 кг салмақта - Серік Сәпиев және 81 кг салмақтағы - Әділбек Ниязымбетов. Рейтинг бойынша үшінші орынға жайғасқан Ниязымбетов азиадалық біріншілікте ресейлік боксшысы Егор Мехонцев пен Хулио Ла Крузадан (Куба) басым түскендігінің арқасында, осы «сыйлы» орынға табан тіреді. Ал кәсіби спорттық мансабын аяқтаған Серік Сәпиев, әлемдік жетістіктерінің арқасында, жаңартылған рейтингтегі лидерлік орнын сақтап қалды. Топ-боксшылардың тізімінен 69 келіге дейінгі салмақтағы Данияр Елеусінов жылт етіп, бірден жоғарғы төртінші орынға жайғасты. Боксшы Иван Дычко (91 кг) екінші орында. Басқа да салмақ санатындағы ТОП-10 келесідей жайғасты: 49 кг - Теміртас Жүсіпов – 6-орында. Біржан Жақыпов – 8-орында. 56 кг - Қайрат Ералиев - 16-шы орында. 60 кг - Ғани Жайлауов - 4-орында, Берік Әбдрахманов - 9-шы орында. 64 кг - Мерей Ақшалов пен Жәнібек Әлімханұлы – 7-шы орында. 91 кг - Антон Пинчук - 9-…
    19 тамыз
    Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде 17-18 тамызда WTF таеквондодан ерлер мен әйелдер (керуги) арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Республикалық көлемде өткізілген жарыс тартысты өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен (14 облыс пен Алматы мен Астана қалалары) 1996 жылдан жоғары туылған балуандар қатысты. Біз блогер-журналист достарымызбен белгіленген 9:00 де келдік. Ал дода әдеттегідей 10:30 басталды. Бірінші спаррингтер 54 және 63кг салмақ дәрежесіндегі балуандар арасында өтті. Трибунадағы көрермендер жарысқа қатысушыларға белсенді қолдау көрсетіп, ал балуандар өз кезегінде жанкүйерлерінің сенімін ақтау үшін бар күштерін салып жатты. Спаррингтер бір уақытта 2 бозкілем үстінде өтті. Түскі уақытқа дейін негізгі іріктеу турлары болды. Жартылай финалға (одан әрі финалға) өткен жеңімпаздардың арасынан 63 келі салмақтағы Қазақстанның үш дүркін чемпионы Дархан Қасымқұловты ерекше атап өтуге болады. Іріктеу турында ол қарсыласын 13:3 есебімен ойсырата жеңсе, ал басқа қарсыластарынан да осыған ұқсас жағдайлармен басым түсті.
    18 тамыз Александр Brusrich, www.yvision.kz http://yvision.kz/post/369324