Сұхбат

  • Өткен аптада Бүкіләлемдік бокс Академиясында (Алматы облысы, Талғар ауданы) АІВА-ның APB, WSB жобалары бойынша Сертификациялы семинары өтті

    12 қыркүйек 7026 0
  • Талантты Тінәлиев, «Тұрлыханов менің кумирім», кадеттер мен жастар құрамасындағы табысты жылдар... Бүгін біз грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мұратбек Қасымхановтың естеліктерін жариялап отырмыз. Қызықты әңгімені сіз де тыңдай отырыңыз

    06 қыркүйек 11373 0
  • Таеквондодан ұлттық құраманың бас бапкері Мұстахим Қабдырашев confederation.kz сайтына сұхбат беріп, Астанада өткен Гран-при турнирін қорытындылады

    01 қыркүйек 2828 1
  • Қарағанды облысынан қанат қаққан жас боксшы Абылайхан Жүсіпов спорт әлеміндегі табысын одан әрі еселеуде. Қытайдың Нанкин қаласында өткен ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасында ол кезекті алтын жүлдесін жеңіп алды. Абылайға Олимпиада алтыны қалай келді, дайындық қалай жүрді және алдағы мақсаттар қандай? Бұл туралы боксшының бапкері Бауыржан Аманбаев айтып берді

    29 тамыз 2806 0
  • Мұстахим Қабдырашев – таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері. Иә, бұл қызметіне ол жақында кірісті. Алайда, Мұстахим ағайдың таеквондомен таныстығы әріде жатыр. Бүгінге дейін талай шәкіртті тәрбиелеп үлгерген ол Олимпиада ойындарының жүлдегері Арман Шылмановтың да томағасын сыпырған білікті бапкер. Біздің сайтымызға арнайы сұхбат берген Мұстахим Қабдырашев еліміздегі таеквондоның жай-күйінен бөлек, спорттың бұл түрімен қалай достасып, бапкерлік қызметке қалай бет бұрғанын тарқатып айтып берді

    14 тамыз 9403 0
  • Биыл бокстан Қазақстан жастар құрамасы керемет нәтиже тіркеді. Сәуір айында Софияда өткен әлем чемпионатында көптен күткен алтын медальға да қол жетті. Ең бастысы, алтын біреу емес, екеу. Күміс медаль да жалқы емес, сонымен қатар, бір қола жүлдеміз бар. Әлемдік сын басталарға дейін қаңтар айында өткен Азия чемпионатында Жүсіпов пен оның командаластарының құрлық додасында да шоқтығы биік болған. Бангкокте бақ сынаған он қазақ боксшысының тоғызы жүлдегер атанды. Оның ішінде алтауы алтын, үшеуі қола медаль арқалап қайтты. Әрине, мұндай үлкен жетістіктің артында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевтың ерен еңбегі жатыр

    12 тамыз 7222 0
  • Әлімбек Балмағамбетов - Ақтөбе өңіріндегі бокс тізгінін қолға алған азамат. Бес жылдан бері облыстық бокстан олимпиадаға даярлау мекемесін басқарып келеді. Бүгінге дейін Әлімбек бапкердің алдынан талай шәкірт өтті. Ал олардың арасында ең шоқтығы биік спортшы деп Галиб Жафаровты танимыз. Әлем чемпионын дайындаған Әлімбек Балмағамбетов үлкен боксқа қалай келді?! Оның бапкерлік ғұмыры қалай басталды? «Бапкерлер» айдарында бүгін осы сауалдарға жауап аламыз

    05 тамыз 6950 0
  • Шілденің 19-20 күндері Алматы облысында Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған ауыр атлетикадан республикалық турнир өтті. Аталған сында әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысатын отандық зілтеміршілердің есімі белгілі болды. 2005 жылы Қазақстан ұлттық құрамасына кеңесші боп келген даңқты Энвер Түркелери де бұл додаға өз шәкірттерін баптап қосқан еді. Шыны керек, Түркелери мырза келісімен, біздің ауыр атлетикада оң өзгерістер орын алды. Осы орайда, мүмкіндікті пайдаланып, білікті бапкермен әңгімелесуге асықтық

    28 шілде 8528 0
  • Бүгінде Алексей Ниді танымайтын қазақ жоқ. Отандық спорттағы жарқын жеңістер осы кісінің атымен тығыз байланысты. Әрбір бапкер үшін Олимпиададан уыстап жүлде әкелу бақыты бұйыра бермейді ғой. Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары оның өміріндегі алтыншы Олимпиада болмақ. Сол додада оның шәкірттері тағы да тұғыр биігінен көрінеді. Оған еш күмән келтірмейміз. Өйткені, шәкірттерінің жетістігіне ол бізді әлдеқашан сендіріп қойған

    15 шілде 8070 0
  • Балуанның бапкері болу оңай шаруа емес. Талапты баланы тап басып тану, оның әр қадамын бақылап, бар білгеніңді үйрету, бүкіл күшжігеріңді жұмсау. Шәкіртіңнің әр қадамына алаңдау, жеңсе өзің жеңгендей қуану, жеңілсе, өзің жеңілгендей бірге қамығу. Бапкерлік - жауапкершілігі мол, бейнеті де, зейнеті де кездесетін еңбек. Бұл мінезді, тәжірибені, білікті талап етеді. Бұл қызметтің қыр сыры туралы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Боранбек Қоңыратов тарқатып айтып берді

    27 маусым 6404 0