​Confederation.kz - Жанкүйерлер үшін

10 ақпан

17-21 ақпан күндері Талдықорғанда күрестің үш түрлерінен – грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Еліміздің үздік палуандарының кездесулері республикалық арналарынан ғана емес, www.confederation.kz - Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының сайтында да көрсетіледі.

- Конфедерациясының басты мақсаттарының бірі қазақстандық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады, - дейді Конфедерацияның бұқарамен байланыс бойынша үйлестірушісі Жігер Азбергенов. – Конфедерацияға кіретін спорт түрлері (бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика, таеквондо) халқымыздың ерекше назарына бөленіп отырғандығы сөзсіз, сондай-ақ олар олимпиадалық спорт түрлеріне жатады. Келесі аптада басталатын күрес түрлерінен ел біріншілігін жанкүйерлер www.confederation.kz сайтында онлайн-көрсетілім арқылы тамашалай алады. Бұл - күресті дамыту жолында үлкен серпіліс беретіндігіне сенімдіміз. Спорт түрінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген Қазақстан күрес федерациясы, Алматы облыстық күрес федерациясының жұмысын ерекше атап кету керек.

Конфедерацияның жоспарында аталмыш бес спорт түрлері бойынша өтетін маңызды республикалық жарыстардың барлығын онлайн-көрсетілімге шығару. Спорт жанкүйерлері еліміздің үздік атлеттерінің тартысын енді тікелей эфирде көріп, спорт алаңдарындағы кездесулерден алғашқылардың қатарында хабардар болмақ.

Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: