Конфедерация өкілдерінің еліміздің аймақтарына жұмыс сапарлары

04 мамыр

Конфедерацияның төрағасы Т.А.Құлыбаевтың ұйымның алдына қойған негізгі сегіз бағыт-бағдарына жататын мемлекеттік ведомстволармен ынтымақтаса отырып бұқаралық спортты және жоғары жетістікті спортты дамыту бағдарламалары бойынша Конфедерация қызметкерлері облыстық әкімдіктерінің басшылығымен бірқатар кездесулерді өткізді.

Жұмыс сапарының барысында Конфедерация бас директорының орынбасары Серік Қасқабасов пен спорттық директор Арман Ташметов Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қ. әкімдер орынбасарлары мен Дене шынықтыру мен спорт басқармаларының басшыларымен кездескен болатын.

Кездесулерде спорт саласындағы екі жақтық әріптестік жөнінде, сонымен қатар сәйкес аймақ спортшыларының дайындық және жарыс процес жағдайын жақсартуға арналған жергілікті атқарушы билік орган бюджетінен қосымша қаржы бөліну қажеттілігі туралы сөз қозғалды. Облыс орталықтарында Конфедерация қызметкерлері өз спорт түрлері бойынша спорттық нысандарды аралап, бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және ауыр атлетикадан бас бапкерлермен облыстық және қалалық федерациялармен жиналыстар өткізген болатын.

Конфедерация өкілдері жас спортшылардың дайындық пен өмір сүру жағдайын білу мақсатында спорт саласында дарынды балаларға арналған интернаттарды қарап шықты.

«Спорттық интернаттарда болашақ чемпиондар дайындалады, - дейді Конфедерацияның спорттық директоры А.Ташметов. – Қазіргі белгілі спортшылардың барлығы спорттағы алғашқы қадамдарын интернаттың шәкірттері ретінде жасады, сондықтан спортшылардың өмір сүру жағдайы барлық нұсқауларға сәйкес болатындығы өте маңызды. Конфедерация бұл сұраққа өте жауапты қайрайды".

Конфедерацияның жақын арадағы жоспарында еліміздің батыс және солтүстік аймақтарына бару, олар маусымның басына қарай жұмыс сапарларының барлығын аяқтауды жоспарлап отыр.

Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: