Конфедерацияның спортшыларына жаңа форма таратылады

30 сәуір

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының спортшыларына жаңа форма берілетін болады.

Конфедерацияның төрағасы Т.А.Құлыбаевтың ұйымның алдына қойған негізгі сегіз бағыт-бағдарына ең заманауи талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық база жасақтау және оны нығайту жатады, соның ішіне спортшыларды толық қажетті киім-кешектермен қамтамасыз етуі де бар.

1

2015 жылдың маусымында бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және ауыр атлетика шеберлеріне мерекелік, жаттығу және желден сақтайтын киімнің 15 түрлері бар жаңа спорттық форма таратылады.

2

3

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АО және "ҚазмұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АО титулдық демеушілердің қолдауы бар Конфедерация екі жыл бойы командалық спорттық костюмдерге UMBRO атты ірі британдық өндіруші фирмадан тапсырыс беріп отыр.

4

"Бүгін өзіміздің бес республикалық федерациялар Алматыдағы қоймалардан жаңа спорттық формаларды алуда, кейін өз командаларға өздері таратып жібереді, - дейді Конфедерацияның спорттық директоры Арман Ташметов. - Ұлттық командалардың бірінші-екінші құрамалары, жаттықтырушылар штабы мен кешенді-ғылым топтарының мүшелері толығымен жаңа спорт киімімен қамтамасыз етіледі".

5

Конфедерацияның жаңа формасын бірінші болып бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны, AIBA екі дүркін үздік бокс шебері мен әлем чемпионы Данияр Елеусінов киіп көрді. "Жаңа форма өте ұнады, - дейді қазақстанның белгілі боксшысы. - Көрнекті, ашық, қазақстандық команданың дәстүрлі түстерге, туымыздың түстеріне сәйкес орындалған. Алдамызда Азия мен әлем чемпионаттары, сондықтан жаңа спорттық форма да орынды. Енді құрамамызға жаңа экипировканың таратылуын асыға күтеміз".

Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

4 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз:
Titan Leo 04 мамыр, 11:14
Конфедерация поддерживает по всем направлениям - форма оч красивая, цвета приятные.
Жауап беру
Евгения Захаренко 04 мамыр, 13:31
Отличная форма - стильная, современная, в национальных цветах. В такой форме мы будем отлично выглядеть на любых соревнованиях.
Жауап беру
Ксения Уникальная 04 мамыр, 13:42
Цвета приятные такие. Подобрано все со вкусом и чувством стиля. Интересно, а кто автор дизайна? Ну и модель, конечно, не подкачала.) Данияр - отлично выглядит.
Жауап беру
Артём Радченко 04 мамыр, 14:46
Кулибаев ведет правильную работу в развитии спорта, форма-это немаловажный показатель для спортсменов. И правильно, что не жалеют денег и отдают предпочтение качеству формы
Жауап беру