1 күміс, 1 қола медаль

07 қыркүйек

Афиныда (Грекия) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінің балуандары жарысты аяқтады. Еліміздің жас балуандары 1 күміс, 1 қола медальға ие болды.

Әлем чемпионатының екінші күні кілемге шыққан жас балуандардың финалдық бәсекесі кеше кешкісін өтті. Онда төрт бірдей балуанымыз қола медаль үшін күресіп еді. Өкінішке қарай, төртеудің арасынан Ерасыл Мамырбеков қана әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

42 келі салмақта күрескен Ерасыл Мамырбеков жұбаныш белдесуде түрік балуанын 5:3 есебімен жеңді. Қола медальді үндістандық балуанмен сарапқа салған отандасымыз қарсыласын 2:1 есебімен ұтты.

46 келідегі Нұрзат Қабдырахимов шешуші бәсекеде 3:8 есебімен грузиялық балуанға жол берді. 69 келідегі Ғалымбек Нұрғали де қола медаль үшін болған белдесуде грузиялық балуанға есе жіберді. Екі балуанымыз да бесінші орынмен шектелді.

85 келі салмақтағы Еламан Аюп жұбаныш белдесуде венгриялық балуаннан сүрінді. Сөйтіп, әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады.

Кеше жарысты қыздар жалғастырды. Финалдық сайысқа жолдама алғандар бүгін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

Командалық есепте грек-рим күресінің жас жеткіншектері 41 ұпаймен бесінші орынға ие болды.

Бас жүлдені 64 ұпай жианған Ресей жасөспірімдері жеңіп алды. Екінші орында - Иран (50 ұпай). Үшінші орынға Украинаның жас балуандары көтерілді (49 ұпай).

Қазақстан балуандарының нәтижесі

Грек-рим күресі

42 келі: Ерасыл Мамырбеков – 3-орын;

46 келі: Нұрзат Қабдырахимов – 5-орын;

50 келі: Дінмұхамед Қошқар – 12-орын;

54 келі: Нұрсұлтан Базарбаев – 2-орын;

58 келі: Әділет Сисембаев – 8-орын;

63 келі: Рахат Сағымбай – 5-орын;

69 келі: Ғалымбек Нұрғали – 5-орын;

76 келі: Дәулет Жалғасов – 8-орын;

85 келі: Еламан Аюп – 12-орын;

100 келі: Ислам Умаев – 8-орын;

80 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: