Алматыда конфедерация кубогы аяқталды

03 желтоқсан

Бүгін Алматыда спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерация кубоыгының финалы аяқталып, жеңімпаздар белгілі болды. Спорттың 6 түрінен 100-ге жуық спортшылар бақтарын сынап, өзара мықтыны анықтады.

2017 жылғы конфедерация кубогының финалын боксшылылар бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Маңғыстау облысының арасындағы кездесу 7:3 есебімен Оңтүстік Қазақстан облысының еншісіне шешілді.

грек грим

Алматы облысының балуандары күрес түрлерінен Қазақстандағы ең мықты команда екенін тағы бір рет дәлелдеді. Грек-рим күресі бойынша Алматы облысының балуандары 5:3 есебімен Қарағанды облысының құрама командасын жеңсе, еркін күрестен сынға түскен Алматы облысының балуандары Шығыс Қазақстан облысының спортшыларымен тең түскенімен, жалпы ұпай саны бойынша 42:44 болып, конфедерация кубогына ие болды.

еркін күрес

Таеквондо бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласының спорт шеберлерінің кездесуі қызықты әрі тартысты өтті. Былтырғы финалистер Алматы қаласының құрамасы 72:42 есебімен Алматы облысының спортшыларын ұтып, конедерация кубогына қол жеткізді.

таеквондо

Дзюдодан татамиге шыққан Қарағандының спорт шеберлері финалдағы қарсыластары Ақтөбе облысының балуандарын 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, конфедерация кубогында дзюдошылар арасында үздік атанды.

дзюдо

Конфедерация кубогына 2017 жылы қосылған спорт түрі – қазақ күресі. Қазақ күресінен боз кілемге шыққан балуандар күресінің тағы бір ерекшелігі олар облыс бойынша емес, спорттық клубтар ретінде бақтарын сынады. Финалда Алматы қаласы мен Қарағанды облысының қазақ күресі бойынша спорт клубтары кездесіп, 5:3 есебімен жергілікті Алматы қаласының «Қазақ күресі» спорт клубының балуандары қазақ күресі бойынша конфедерация кубогының алғашқы иегерлері болды.

қазақ күрес

Естеріңізге сала кетсек, 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында спорттың 6 түрі бойынша командалық жарыс ретінде конфедерация кубогыгының финалдық кезеңі өтті. Жүлде қоры 125 млн теңгені құрайтын дүбірлі дода ҚР ҰОК Президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бастамасымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

561 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: