Алматыда конфедерация кубогының финалдық кезеңдері өтеді

26 қараша

2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының финалдық кезеңі өтеді. Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылып отырған бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және қазақ күресі спортынан бірлескен командалық жарыс ретінде өтетін шараның жалпы жүлде қоры – 125 000 000 теңге.

Конфедерация кубогы үшін қатысушы командалар жеребе бойынша төрт топқа бөлінген еді:

«А» тобы: Алматы облысы, БҚО, Павлодар облысы, Атырау облысы;

«B» тобы: Маңғыстау облысы, СҚО, Қарағанды облысы, ШҚО;

«С» тобы: ОҚО, Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Қостанай облысы,

«D» тобы: Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жарыстың жартылай финалында келесі спортшылар бақтарын сынайды:

Таеквондо: Алматы қаласы, Алматы облысы, ОҚО, Маңғыстау облысы;

Дзюдо: Алматы қаласы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы;

Грек-рим күресі: Қызылорда облысы, Алматы облысы, ОҚО, Қарағанды облысы;

Еркін күрес: Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, ШҚО;

Сондай-ақ, 1 желтоқсан күні Алматы қаласында қазақ күресінен клубтар арасында конфедерация кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Іріктеу кезеңінен іркілмей өткен 4 топ конфедерация кубоыгынң ақтық сынына қатысуға жолдама алады.

Естеріңізге сала кетсек, конфедерация кубогы биыл екінші рет Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

321 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: