БИЖАН АЛМАХАН: «МЕДИЦИНАЛЫҚ ТОП СОҢҒЫ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР ҚОЛДАНУДА»

29 маусым

Қазақстан бокс құрамасының медициналық тобында қызмет атқаратын Бижан Алмахан ҚФБ ресми сайтына өзінің жұмысы туралы толықтай баяндап берді:

Анықтама:

Алмахан Бижан Маратұлы,1988 жылы, Түркістан қаласында туған.

Білім жолы:


№ 6 Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебін,


Түркістан медицина колледжін қызыл дипломмен үздік бітірген.


Алматы қаласы, Қазақтың спорт және туризм академиясы. Емдік дене тәрбиесі және массаж мамандығын қызыл дипломмен үздік бітірген.


ҚХР-да білімін 2012 ж Шығыс медицинасы бойынша жетілдірген.


2017 жылы - Арнайы АИБА бағдарламасымен КЭПМЕН оқуын тамамдаған.

Еңбек жолы:

2006 жылы - Түркістан қаласы Талғат клиникасында - массажист.


2009 жылы, Астана қаласы, Ұлттық ғылыми медициналық орталық , массажист және ЕДШ инструкторы.


2011 жылы - "Астана Арланс" кәсіби бокс клубы. Массажист.


2014 жылы - Бокстан ұлттық құраманың Ғылыми мед.топ мүшесі, массажист.


Одан бөлек, 2016 жылдан бастап, Әзірет Сұлтан мешітінде Әл-Хиджама сауықтыру орталығының меңгерушісі.

- Боксшылар рухты да дене дайындығы бойынша бабында болды. Қазіргі таңда медициналық топ соңғы заманауи әдістер қолданудың арқасында, спортшылар денсаулығы жақсы және спорттық ғұмыры ұзарып әуесқой бокстан кейін кәсіби боксқа барғандардың саны кейінгі жылы артқанына баршамыз куәміз, - дейді Бижан.


Азия чемпионатында өнер көрсеткендер рингте аянып қалған жоқ. Олар жақсы өнер көрсетті деп есептеймін. Бір ескеретін жағдай - қазір бокс өзгеруде, төрешілерде бұрынғы ескерту жасайтын кездерді байқамағандай тұруда. Кім қалай ұрғысы келеді, солай ұрып жатыр құлаштап болсын, арасында шындақ, баспен ұруларда кездесіп жатыр. Былайша айтқанда, көше төбелесі.

188 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: