Дзюдодан Қазақстан кадеттер құрамасы Азия Чемпионатында 7 медаль иеленді

13 шілде

Қырғызстанның Бішкек қаласында дзюдодан кадеттер арасында Азия Чемпионаты басталды. Азия құрлығының 14 елінен 155 спортшы қатысып жатқан біріншілікте Қазақстан құрамасынан 19 жас дзюдошы ел намысын қорғап жатыр. Жарыстың бірінші күнінде 50 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Шерход Давлятов қарсылас шақ келтірмей, Азия Чемпионы атанды. Ал 52 келіде финалға шыққан бұрымды балуанымыз Меруерт Сәрсенова финалдық кездесуде тайпейлік Лин Хсуан Хсуға жол беріп, Азия Чемпионатының күміс медаліне ие болды. Сондай-ақ, қазақстандық дзюдошы Азия Чемпионатының 5 қола медалін Қазақстан қоржынына салды. 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен Қазақстан кадеттер құрама командасы 14 ел ішінде 3 орынға жайғасты. Медаль саны бойынша 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен Өзбекстан құрамасы көш бастап тұрса, Моңғолия дзюдошылары 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медальмен екінші орында тұр.

a86ea1daf4e5dd309a986cabde302f96.jpg

Кадеттер арасында Азия Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші күн):

Алтын – Шерход Давлятов (50 кг)

Күміс – Меруерт Сәрсенова (52 кг)

Қола – Ерлан Уналов (50 кг)

Қола – Ермек Амангелді (55 кг)

Қола – Ислам Тоқтасын (66 кг)

Қола – Сара Құлым (40 кг)

Қола – Ақжол Қайыпхан (48 кг)

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 13-14 шілде күндері 2000-2002 жылы туылған кадеттер арасында, 15-16 шілде күндері 1997-2000 жылы туылған жастар арасында Азия Чемпионаты өтеді. Қазақстан кадеттер құрамасынан құрлықтық біріншілікке 19 дзюдошы, жастар құрамасынан 20 дзюдошы татамиге шығады.

118 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: