Ерлан Серікжанов - Гран При турнирінің күміс жүлдегері

09 наурыз

Агадирда өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран При кезеңінде 66 келіге дейінгі салмақта белдескен Ерлан Серікжанов финалда Андриян Гомбичке есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

Ерлан Серікжанов алғашқы белдесуінде франциялық Алистер Уардты, екінші кездесуінде Михаил Пуляевты ұтты. Ширек финалда словениялық Андрез Жеребті, жартылай финалда португалиялық Сергио Олейникті иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Өкінішке қарай, дәл осы салмақта белдескен тағы бір дзюдошымыз Ерлан Жақсыбеков жұбаныш финалында Андраз Жеребке (Словения) есе жіберіп, жарыста жүлдесіз қалды.

442 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: