Қыздарымыз жүлдесіз қалды

08 қыркүйек

Афиныда кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін қыздар бәсекесі аяқталады. Өкінішке қарай, кеше қола медаль үшін таласқан үш бойжеткеніміз белдесулерін сәтсіз өткізіп, жүлдесіз қалды.

49 келі салмақта күрескен Аяулым Туғанбаева жұбаныш белдесуде Вьетнам елінің балуанын 10:0 есебімен таза ұтқанымен, қола медль үшін болған белдесуде украиналық балуанға жол берді. Сөйтіп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады. Сондай-ақ, 65 келі салмақта ел намысын қорғаған Айна Теміртасова да бесінші орынды қанағат тұтты. Айна қола медальды Беларусь балуаны Виктория Алесиямен сарапқа салып, 0:4 есебімен ұтылып қалды.

Кеше қыздар арасында 40, 46, 52, 60 және 70 келі салмақтағы белдесулер өтіп, финалға жолдама алған балуандар белгілі болды. Өкінішке қарай, бұл салмақта күрескен қыздарымыз іріктеу бәсекелерінен өте алмай, жарыстан шығып қалды.

Бүгін бозкілемге еркін күрес балуандары шығады. Қазақстан құрамасының намысын Мұрат Құдайберген (42 келі), Ақбар Құрбанов (50 келі), Дидар Нұрахмет (58 келі), Мейрамбек Сүлейменов (69 келі) және Бекзат Үркімбай (85 келі) қорғайды.

70 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: