ҚР Кубогы 2018. Екінші күн.

15 мамыр

Ауыр атлетикадан өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Кубогының екінші күні де жанкүйерлер үшін жарқын эмоциялар мен қайталанбас сәттерге толы болды.

Алдымен ерлер сынға түсті. 62 келі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Фархат Харкиге тең келер ешкім болмады. Жұлқи көтеруде бір ғана мүмкіндік пайдаланғанына қарамастан(115+150), спортшы көш бастады. Екінші орынды Қызылорда облысының өкілі Ерасыл Ергенбай (101+135) иеленді. Үшіншіорынға қос бірдей спортшы Владимир Абрамов(106+129) пен Игорь Вовчук(105+130) бірдей нәтижемен(235 келі) аяқтап, үміткер болды. Алайда ережеге сәйкес, қола жүлде бұл салмақты алғашқы болып бағындырған Владимир Абрамовқа бұйырды.

aa33a68742bf1ee4e38da32d0a63defe.jpg

Әйелдер арасында 58 келіге дейінгі салмақ категориясы бойынша Сәуле Садуақасова (91+121) жеңімпаз болды. Екінші, үшінші орындарды ШҚО атлеттері Лидия Ануфриева(83+102) мен Елизавета Белоусова(74+92) жеңіп алды.

fbca87f5b063f2d91ed6eee7327f87fd.jpg

40 келіде Әсем Садықова қарсыласы Александра Яковлевадан(83+102) озып, бірінші орынға(100+125) қол жеткізді.Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Махаббат жайғасты.

dfb531ccf7acb1f744d70ff625f6aa98.jpg

93 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: