Мақсаты және бағыт-бағдары

КОНФЕДЕРАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

1. Қазақстандағы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерін жетілдіру барысында туындайтын мәселелер мен міндеттерді шешуге бағытталған Конфедерация құрамына кіретін федерациялардың міндеттерін біріктіру. Спортты дамыту, спорттың олимпиадалық түрлерін (бокс, күрес, дзюдо, WTF таэквандо, ауыр атлетика) дамытуға және олардың проблемаларын шешуге арналған қаражаттың тиімді және оңтайлы жұмсалуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге Конфедерация мүшелерін жұмылдыру:
2. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортшыларды, жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін үздіксіз жоғары білікті ғылыми-негізделген негізде даярлау жүйесін құру.
3. Спортшылардың денсаулығына тұрақты медициналық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде допинг және басқа да бекітілмеген препараттар мен жаттықтыру әдістемелерін қолдануға жол бермеу;
4. Қазақстан Республикасында спортты дамытудың түрлі әлеуметтік және қаржылық мәселелерін шешуге атсалысу;
5. Конфедерацияның материалдық- техникалық және қаржылық базасын нығайту.

КОНФЕДЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТ-БАҒДАРЫ

1. Парламент, Үкімет, жергілікті және атқарушы билік органдар сияқты мемлекеттік ведомстволармен ынтымақтаса отырып, Қазақстан Республикасындағы бұқаралық спортты және жоғары жетістікті спортты дамыту бағдарламаларын жасау;
2. Ең заманауи талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық база жасақтау және оны нығайту;
3. Жоғары жетістікті спорт үшін медициналық және жаттықтырушы-оқытушы кадрлар даярлау жүйесін дамыту және жаңарту, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу.
4. Халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде ұлттық және халықаралық спорттық ұйымдармен, өкілдіктермен арадағы ынтымақтастықты дамыту;
5. Қолдау және демеушілік көрсетуді ұйымдастырудың бірыңғай жүйесін енгізу;
6. Біртұтас PR-тұжырымның негізінде дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау;
7. Кәсіпқой және объективті төрелікке негізделген fair-play тәжірибесін жан-жақты қолданысқа енгізу;
8. Спортты басқарудың үздік тәжірибелерін тарату мақсатында тәжірибе алмасу жүйесін жетілдіру.