Конфедерация тарихы

Конфедерация бес ұлттық федерацияның бастамашылығы бойынша 2012 жылдың қараша айында құрылды.
Конфедерация мүшелері:
1. «Қазақстанның бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
2. «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
3. «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
4. «Ауыр атлетика федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
5. «Қазақстандық таеквондо (WTF) федерациясы» қоғамдық бірлестігі

Конфедерацияны құрудағы мақсат - үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпқой, кадрлық және қаржы ресурстарының басын біріктіру болып табылады. Конфедерация мүшелері спорт түрлерін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді шешетін болатын.
Бес федерацияның басын біріктіріп отырған ұйымның міндеті: бұқаралық спортты дамыту, оларды кеңінен таныстыру, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Конфедерация сондай-ақ, әлемдік біріншіліктерде жеңіске жетуге қабілетті атлеттерді дайындау мәселелерін шешуде көп ресурстық шығынды және кешенді, жүйелік жұмысты талап ететін жоғары жетістіктер спортын дамытумен айналысады.
Жаттықтырушылар құрамын дайындау, материалдық-техникалық базаны жаңарту сияқты кәсіпқой спортты дамытудың басқа да міндеттерімен қоса, Конфедерация әлеуметтік міндет те атқарады. Осы мақсатта спортшыларға, жаттықтырушылар мен төрешілер құрамына жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін кәсіподақ және ардагерлер бірлестіктерімен ынтымақтастық орнатылуда.
Абулгазин Данияр Рүстэмұлы – Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының Төрағасы