ӘЧ-2017: Қоржында бір қола

28 тамыз

Бүгін Будапеште дзюдодан Әлем Чемпионатының бірінші күні аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жарыстың алғашқы күнін бір қола медальмен аяқтады.

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем Чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франческа Миланиден голден скорде басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дарья Белодедті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Отгонцэцэг Галбадрах жартылай финалда жапон қызы Тонаки Фунамен кездесіп, күрестің негізгі уақытында тең түскенімен, қосымша уақытта (голден скор) қарсыласына вазаримен ұтылып қалды. Дегенмен, қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алған спортшымыз Отгонцэцэг Галбадрах мүмкіндікті сәтті пайдаланып, қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп, қола медальға қол жеткізді.

Айта кетерлігі, Галбадрах Отгонцэцэг дзюдодан әйелдер арасында Әлем Чемпионатында жүлдегер атанған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

584cd99fd9e0868f8334c7ab8c25d524.jpg

Елдос Сметов (60 кг) алғашқы беледсуінде Мозамбик спортшысы Нэусо Сигаукені жеңіп, екінші айналымда бразилиялық Эрик Такабатакемен негізгі уақытта тең күресіп, қосымша уақытта вазари ұпайымен басым түсті. Ирандық Мохаммат Рашнонезадты таза жеңген Елдос Сметов ширек финалда Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровқа ескерту қағазымен ұтылып, жартылай финалға өте алмады. Алайда, Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Ганбат Болдбаатарға голден скорда вазаримен жеңіліп, әлемдік біріншілікте жүлдесіз қалды.

6b8738703b8a5403573aab12ff26f2c5.jpg

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) жарыстың алғашқы айналымында-ақ бірінші қарсыласы француз Ривол Чедрикті айқын басымдықпен жеңіп, екінші айналымда Италия спортшысы Элиос Манциден де айласын асыра алды. Үшінді айналымдағы қарсыласы моңғол спортшысы Дашдава Амартувшинді жеңген дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда чех спортшысы Павел Петриковқа қосымша уақытта есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде күресуге мүміндік алған болатын. Өкінішке қарай, отандасымыздың жұбаныш белдесуінде өзбек балуаны Мухриддин Тилововқа есе жіберіп, Әлем Чемпионатын 7 орынмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, Будапештте дзюдодан Әлем Чемпионаты өтуде. 28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтетін әлем біріншілігіне әлемнің 126 елінен 731 дзюдошы қатсып жатыр. Аталмыш додада Қазақстан құрама сапынан 18 дзюдошы ел намысын қорғайды.

Фото: IJF Media Team

420 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: