Бекәділ Шаймерденов - Универсиада жүлдегері

22 тамыз

Қазақстандық дзюдошы Бекәділ Шаймерденов Тайбэйде өтіп жатқан Жазғы универсиада ойындарында қола медальға ие болды.

Дзюдодан 73 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Бекәділ Шаймерденов алғашқы айналымда бельгиялық Денис Габриел Каралогноудлдан басым түссе, іріктеу кезеңінің екінші айналымында Словенияның спортшысы Жан Кернді иппонмен жеңді. Жарытлай финалдық жолдама үшін белдесуде әзірбайжандық Тельман Валиевке есе жіберген дзюдошымыз жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алып, өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Жұбаныш белдесуіндегі екі қарсыласын да вазаримен ұтқан Бекәділ қола үшін күресте алжирлік Реда Боугуероуаны жеңіп, Жазғы Универсиада ойындарында дзюдодан алғашқы медалді ел қоржынына салды.

Естеріңізге сала кетсек, Тайбэйде Жазғы Универсиада ойындары өтіп жатыр. Дзюдо спорты бойынша сайыстар 24 тамызға дейін жалғасады.

330 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: