Ғұсман Қырғызбаев Агадирда өтіп жатқан Гран При жеңімпазы атанды

09 наурыз

Мароккода (Агадир) өтіп жатқан Гран При турнирінде қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) финалда түрік балуаны Озлу Бекирді жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев жарысқа екінші айланымда қосылып, алғашқы қарсыласы словениялық Дэвид Старкелден басым түсті. Өзінің екінші белдесуінде марокколық Джэви Мохаммедтен айласын асырған отандасымыз жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда татами иесі Ясин Моудатирді иппонмен жеңіп, финалға шыққан болатын.

378 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: