Қазақстан дзюдо федерациясы жапониялық маманмен келісім шартқа отырды

20 сәуір

Бүгін Алматыдағы «Халық – Арена» спорт сарайында Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Б.Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогының баспасөз-конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына Халықаралық дзюдо федерациясының спорт жөніндегі директоры, Азия дзюдо одағының вице президенті, Олимпиада ойындарының жүлдегері Армен Багдасаров, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Донбай, Қазақстан дзюдо федерациясының вице президенті Асхат Житкеев, Қазақстан Дзюдо федерациясының рефери директоры Мұхсин Нұртазин, Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының орталығының директоры Мұратбек Қыпшақбаев қатысты. Халықаралық дзюдо федераиясының күнтізбесіне сәйкес өткзілгелі отырған турнирдің құрметті қонағы Армен Багдасаров Қазақстандағы дзюдоның дамуын жоғары бағалады.

f8d34dac9b6d2cf91228d835b872f998.jpg

Баспасөз конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясы және Астана қаласындағы Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының орталығы мен жапониялық бапкер арасында бір олимпиадалық кезеңге үш жақты келісім шартқа отырды. Үш жақты келісім шарт негізінде жапониялық маман Шинтаро Чихаро Қазақстан ұлттық жастар және жасөспірімдер ұлттық құрамасының кеңесші бапкер қызметіне кіріседі.

Шинтаро Чихаро 1981 жылы Жапонияда туылған. Дзюдодан 5 дан иегері. Токиодағы Кокушикан университетінің түлегі. Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің жолдауымен 2011-2013 жылдар аралығында Бангладеш ұлттық құрамасының бас бапкері, 2013 жылы 9 ай Мьянма құрамасының бас бапкері, 2014-2017 жылдар аралығында Қытайда ауыр атлетика және спорттық күрес орталығында бас бапкер қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетсек, 21-22 сәуір күндері Алматыда дзюдодан жастар арасында Азия Кубогы өтеді. Жарыс кестесі келесідей болмақ:

21 cәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:00

Финалдық белдесулер – 16:30

Ұлдар: -55 кг, -60 кг, -66 кг;

Қыздар: -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг;

22 сәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 16:30

Ұлдар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;

Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

157 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: