Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытай Гран Приінен 3 медаль жеңіп алды

25 мамыр

Бүгін Хоххотта (Қытай)дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі басталды. Әлемнің 46 елінен 361 дзюдошы 7 салмақ дәржесеніде бақтарын сынап жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде жеңіл салмақтағы балуандар, атап айтқанда, ерлер -60 кг, -66 кг, әйелдер -48 кг, – 52 кг, -57 кг салмақ дәрежесінде белдесті. Қазақстан ұлттық құрамасынан 4 дзюдошы татамиге шығып, үш медаль қоржынға салды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов қарсылас шақ келтрімей, жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда тағы бір отандасаымыз Ғұсман Қырғызбаевты иппонмен жеңді.

Елдос Сметовалғашқыбелдесуіндежапондық Юма Ошиманықосымша уақытта (голден скор) вазари ұпайымен, екінші айналымда ресейлік Роберт Мшвидобадзені уақытынанбұрын таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалдаБразилия дзюдошысы Пелим Фелипені иппон ұпайыменұтып, финалға шыққан болатын.

Ал Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін жеңіліссіз 3 кездесу өткізді. Ол алғашқы белдесуінде Солтүстік Кореялық Пае Донг Жонгпен кездесіп иппонмен жеңсе, екінші белдесуінде моңғолиялық Ганбад Болдбаатарды, жартылай финалда Амартувшин Дашдавааны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алған еді.

caef993773655c0a3e05a60db8efad0c.jpg

66 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Елдос Жұмақанов ел қоржынына бір қола медалін салды. Ол 5 кездесу өткізіп, тек біреуінде, жартылай финалдық жолдама үшін күресте германиялық Себастян Сейдлге есе жіберді. Ал жұбаныш финалында Абдулла Абдужалиловты вазари ұпайымен жеңіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Жарыстың бірінші күнгі қорытындысы бойынша Қазақстанмедаль кестесінде 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен 2 орында тұр. Әлемдік Гран При кезеңі 27 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, бүгін, 25 мамыр дзюдодан Токиода өтетін жазғыОлимпиада ойындарына лицензиялық іріктеу кезеңі басталды. Хоххотта өтіп жатқан Гран При іріктеу кезеңінің алғашқы турниры болмақ.

33 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: