Қазақстандық кадеттер дзюдодан әлем чемпионатын 2 медальмен аяқтады

14 тамыз

9-13 тамыз күндері Чилидің Сантьяго қаласында дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 64 елінен 428 жас спортшы қатысқан әлем біріншілігін Қазақстан кадеттер құрамасы 1 күміс және 1 қола медальмен медаль саны бойынша 12 орынмен аяқтады.

60 келіде белдескен отандасымыз Нұрзат Сәлімбаев жарыстың екінші күнінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде Алижандро Ретималды (Чили), екінші айналымда Курбонали Базаровты (Тәжікстан), 1/8 финалда Томас Коузо Аспитианы иппонмен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда моңғол дзюдошысы Нармандах Баянмухты иппонмен жеңіп, финалға шыққан болатын. Финалда ресейлік Казбек Нагушевке есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

40ec23b929cd6dc54d3a0ce797d47d76.jpg

81 келіде татамиге шыққан қазақстандық дзюдошы Серікболсын Шынтас ел қоржынын қола медальмен толықтырды. Ол жұбаныш белдесуінде тайпейлік Хсу Шиенанды иппонмен жеңіп, қола медаль үшін күресуге ммүмкіндік алды. Маңызды додаданың қола медалі үшін тәжікстандық балуан, кадеттер арасында Азия Чемпионы Маджидов Джохонгирді иппонмен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Кадеттер арасында әлем чемпионатында бірінші орында 12 медальмен Жапония құрамасы (3 алтын, 2 күміс, 7 қола), екінші орында 8 медальмен Германия құрамасының спортшылары (3 алтын, 1 күміс, 4 қола), үздік үштікті 6 медальмен (2 алтын, 1 күміс, 3 қола) Ресей құрамасының спортшылары аяқтады.

Командалық сайыста Қазақстан кадеттер құрамасы алғашқы айналымда Ресей құрамасына жол беріп, жүлдесіз қалды. Әлем чемпионатының командалық сайысындағы үздік үштік мынадай: І орын - Ресей, ІІ орын Бразиялия, ІІІ орын - Жапония.

394 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: