Мадридте дзюдодан ашық Еуропа кубогы аяқталды

04 маусым

2-3 маусым күндері Испанияның Мадрид қаласында дзюдодан Еуропа ашық кубогы өтті. Мадрид татамиінде 47 елден 397 татами шеберлері жиналған жарысқа Қазақстан құрамасынан 10 дзюдошы қатысты. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэцг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болып, Қазақстан құрамасы бір қола медальмен жалпы командалық есепте 13-ші орынмен жарысты аяқтады.

Еуропа ашық кубогының басты фавориттерінің бірі саналған Галбадрах Отгонцэцэг жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, оның 3-еуін жеңіспен аяқтады. Бірінші белдесуінде испаниялық Мирея Комас Лапуэртаны иппонмен, екінші белдесуінде Израиль спортшысы Тамар Мальканы иппон ұпйымен жеңіп, өз тобынан үздік шықты. Алайда, жартылай финалда испан спортшысы Лаура Мартинеске есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде қола жүлде үшін күресті. Қола жүлде үшін күресінде бельгиялық Софи Эн Жураны иппон ұпйымен ұтып, ел қоржынына қола медальді салған болатын.

33 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: