Әкім қара белбеу иегері

05 қыркүйек

Кеше Астана қаласы әкімшілігінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким кездесті. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесудің негізгі мақсаты Астана қаласының әкіміне таеквондодан (WTF) 7 дан мен қара белбеуді ұсыну болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 29-31 тамыз аралығында Астанада Бүкіләлемдік Гран-при додасы өтіп, Бүкіләлемдік федерация басшылығы біздің елімізге толық құраммен келген болатын. Аталған топты бастап келген Бүкіләлемдік федерация президенті Чунгвон Чо Иманғали Нұрғалиұлына құрметті данды арнайы тапсыруды міндеттеді.

Кездесу барысында Вячеслав Ким ел спортын, оның ішінде таеквондоны дамытуға зор үлес қосқаны үшін Иманғали Тасмағамбетовке алғысын білдірді. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімінің аты-жөні тігілген қара белбеу мен жетінші дан туралы Бүкіләлемдік федерация сертификатын ұсынды.

Иманғали Тасмағамбетов өз кезегінде болашақта Қазақстандағы таеквондоны дамытуға үлес қоса беретінін жеткізді.

1499 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: