​Галина Вишневская екінші алтын медалін жеңіп алды

07 ақпан

Галина Вишневскаяның алтын медалі өзі үшін екінші, ал Қазақстан құрамасының қоржынына 11-ші алтын болып тіркелді. Ол 12,5 шақырымдық масс-старт жарысында айқын жеңіске жетті.

Біздің спортшы аталған қашықтықты 36:15,4 секундта жүріп өтіп, екінші және үшінші орын алған Украиналық және Ресейлік қарсыластарын басып озды.

Естеріңізге сала кетейік Галина осыған дейін жеңістің ең биік тұғырына көтерілген болатын, ол кезде біздің биатлоншы қыз 7,5 шақырымға созылған спринтерлік жарыста алдына жан салмаған.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитет Галинаны және де оның бапкерлері мен барлық қазақстандық жанкүйерлерді осы жолғы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта сәттілік тілейді.

фото - Ізтұрган Алдауев

1115 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: