Қазақстандық таеквондошылар Turkish Open турнирінде 2 алтын алды

16 ақпан

Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан халықаралық рейтингтік WT "Turkish Open" турнирі аяқталды. Жарыстың бірінші күні қазақстандық таеквондошылар 5 медаль жеңіп алды.

54 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Айтуар Шайкенов турнирдің чемпионы атанды. Ол финалға дейін 4 жекпе-жек өткізіп, барлығына жеңіске жетті. Ол финалдағы қарсыласы грециялық Дионисиус Ропсаманикисті 17:5 ұпайымен жеңіп, турнир жеңімпазы болды.

Түркияда өткен аталмыш жарыстың тағы бір алтынын ел қоржынына Ерасыл Қайырбек (-68 кг) салды. Жарыста қарсылас шақ келтірмеген спортшымыз жартылай финалда тағы бір қазақстандық таэквондошы Нұрсұлтан Мамаевпен кездесті. Екі қазақстандық арасындағы айқас 12:16 есебімен Ерасыл Қайырбектің еншісіне шешілді. Ал финалда Ерасыл қарсыласы бельгиялық Си Мухамед Кетбиді 12:16 ұпайымен таза жеңіп, турнир чемпионы атанды.

63 келіге дейінгі салмақта Әлімжан Серікбаев күміс жүлдегер атанса, Қазыбек Бақтиярұлы қола медальға қол жеткізді.

Жарыстың екінші күнінде Рахым Әділханов үшінші орын алып, рейтингтік турнирдің қола жүлдесіне ие болды.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әділханов жартылай финалға дейін Македония, Белоруссия және Австриядан келген спортшыларды жеңді. Алайда, жартылай финалда халықаралық open турнирлерінің бес дүркін чемпионы норвегиялық Андре Ордемананы 8:4 есебімен есе жіберді.

764 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: