ҚР ҰОК Президенті Анна Шевченко мен Олжас Климинді құттықтады

04 ақпан

327637363

ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Президенті Тимур Құлыбаев XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада жеңімпаздары Анна Шевченко мен Олжас Климинді шаңғыдан аралас командалық спринтте жеңіп алған алтын медальдерімен құттықтады.

Қазақстандық шағышыларға жолдаған жеделхатта көрсеткен жоғары спорттық нәтижелері үшін алғыс айтылған.

«Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің атынан еліміздің құрамасын – спортшылар мен бапкерлерді қысқы Универсиададағы кезекті жарқын жеңістерімен құттықтаймын!

Біздің шаңғышылар Анна Шевченко мен Олжас Климиннің бүгінгі жеңістері нағыз топтасып жарысудың, шеберлік пен жеңіске деген жігердің нағыз үлгісі болды.

Алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда жетістіктер тілеймін!» - делінген құттықтауда.

Бүгін 4 ақпан күні шаңғыдан командалық аралас спринтте біздің спортшылар Анна Шевченко мен Олжас Климин құрама қоржынына тоғызыншы алтын медальді салған болатын.

1290 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: