ҚР ҰОК президенті Универсиада жеңімпаздарын құттықтады

02 ақпан

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің президенті Тимур Құлыбаев XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада жеңіске жеткен Галина Вишневская, Дмитрий Рейxард, Юлия Галышева мен Иван Люфтке құттықтау жеделхатын жолдады.

Құттықтау хатта спортшылардың Қазақстан Республикасының қоржынына салған алтын жүлделері үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да үлкен жеңістер тіленген.

«XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада биатлоннан жекелей сында және фристайл могулдан, шаңғы жарысынан жеңіп алған алтын медальдарыңызбен Сіздерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің және де өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің жеңістеріңіз, осы жарыста Қазақстан үшін маңызды болды, біз осыған дейінгі Универсиадалардағы медальдер санынан асып түстік, бұл еңбекқорлықтың, жеңіске деген жігер мен көздеген мақсатқа жетудің айқын үлгісіне айналды.
Универсиаданың алда болатын басқа да кезеңдерінде жарқын жеңістер тілеп, өзге де ірі халықаралық жарыстарда Сіздердің жаңа жетістіктеріңізге қуанамыз деген сенімдемін!», - делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті президентінің XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада жеңімпаздарына жолданған жеделхатында.
629 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: