IWF атқару комитетінің қорытындысы

10 шілде

4-6 шілде аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты қарсаңында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы(бұдан әрі - IWF), Атқарушы комитетінің отырысы өтті.

Атқарушы комитет өзекті тақырыптарды қозғады және талқылады, оның ішінде жаңа салмақ дәрежелері, допингке қарсы саясат, IWF салалық комитеттері басшыларының есебі және өзге де мәселелер сөз болды.

Қазақстандық федерация үшін негізгі мәселелердің бірі ҚР ААФ жарыстардан шеттетулерден мерзімінен бұрын шығу үшін талаптар өлшемдерін орындау және 6-13 қазанда Аргентинада өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасы жасөспірімдер құрамасын қатыстыру болды.

ҚР ААФ 2017 жылдың қазан айындағы таза жаттығу процестерін қамтамасыз ету, допинг бақылаушыларын еш кедергісіз қабылдау, семинарлар ұйымдастыруға, сондай-ақ допингпен күрес үшін жарна төлеуге қатысты IWF қойған барлық талаптарды орындады.

ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нуралинов:

Ташкентте IWF атқарушы комитеті біз күткен бірқатар маңызды шешім шығарды. Оның біразы біздің федерацияға қатысты екенін айта кету керек.

Сіздер білетіндей, IWF атқарушы комитетінің ең бір тарихи шешімі әлемдік біріншіліктер үшін де, олимпиадалық ойындар үшін де жаңа салмақ дәрежелерін бекіту болғанын айта аламыз. Салмақ дәрежелеріндегі соңғы өзгерістер осыдан 20 жыл бұрын қабылданғанын айта кету ләзім. Соңғы өзгерістер біздің үмітімізді ақтайды деп ойлаймын. Енді бізге бірқатар ішкі өзгерістерді енгізу керек, ҚР ААФ регламенттерін жаңа категорияларға сәйкестендіру қажет. Тіпті 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі болған алдағы Қазақстан чемпионатын жаңа категориялар бойынша өткіземіз.

Басқа да өзекті мәселелерге келетін болсақ, шеттетілген елдердің жазадан мерзімінен тыс шығуы бойынша бірнеше өлшемшарттарды орындауы болды. Қазақстан үшін бұл мәселе, ең алдымен ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасын Буэнос-Айрестегі Олимпиада ойындарына қатысуды қамтамасыз етуге байланысты.

ҚР ААФ IWF ұйымының допингпен күресті күшейту аясындағы барлық талаптарды орындады, оның ішінде жарна төлеуді толық өтеді. Өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. ҚР ААФ деңгейінде Допингке қарсы саясат әзірленіп, жұмыс істей бастады, допингке қарсы ережелерді бұзу фактілері бойынша Тәртіптік комиссия құрылды, допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жаттықтырушыларга қатысты тергеу жүргізілді және шешімдер шықты, ағарту-білім беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі, оның ішінде Қазақстанның допингке қарсы орталығымен бірлесе өткізетін семинарлар бар.

Мұның барлығы IWF ұйымының мониторингтік тобына жеткізілді, енді бұл мәселе бойынша оң шешімдерді күтіп отырған жайымыз бар. Біздің юниорлар олимпиадалық жолдамаларды максималды түрде жеңіп алды, яғни 2 ұлдар, 2 қыздар жолдамасы қолда, тіпті ең бастысы елімізді шетелге танытатын лайықты ізбасарларымыз бар.

Анықтама:

2017 жылдың қазан айында IWF атқарушы комитеті 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық ауыр атлетика шеберлерінің допинг сынамаларын қайта тексеру кезінде 10 тәртіп бұзушылықты анықтау негізінде Қазақстан ауыр атлетика федерациясын бір жылға барлық жарыстардан шеттеткен болатын. 2014 жылдан бастап, президент Жанат Түсіпбеков бастаған ҚР ААФ командасы түгел жаңарды. Жанат Түсіпбеков 2017 жылдан бастап IWF вице-президенті.

51 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: