Фристайлдың алтын «дублі»

03 ақпан

3 ақпан

73737379379

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиаданың 5-ші жарыс күні отандық фристайл могул шеберлері Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд кешегі жетістіктерін қайталап, жанкүйерлерін тағы да алтын медальдармен қуантты.

Қазақстандық спортшы қыз бүгін параллельді могул сайысында ресейлік спортшы Е. Безгодовадан айласын асырып кетті. Осылайша ол 28-ші қысқы Универсиада ойындарының екі мәрте чемпионы атанды, Юлия Галышева өзінің бірінші алтынын кеше, 2-ші ақпан күні, ұтып алған болатын.

737373

Дмитрий Рейхерд те осы жетістікті қайталап отыр. Ол да параллельді могул жарысында ресейлік спортшыдан озып, алтын медаль жеңіп алды. «Қола» медаль тағы да біздің спортшымыз Павел Колмаковтың еншісінде.

Осылайша қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын медаль бар.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшылар мен олардың бапкерлері Елена Круглыхина (Юлия Галышева) мен Виктор Лемешконы (Дмитрий Рейхерд) жоғары жетістіктерімен қуттықтап, Олимпиада жылының қарсаңындағы жарыс алаңдарында сәттілік тілейді.

Фото - https://almaty2017.com

1815 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: