Қазақстан Республикасының Кубогы. Қорытынды.

11 наурыз

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының ауыр атлетика бойынша Кубогы өтті. Дәстүрге айналған жарысқа қатысуға еліміздің 12 облысынан 150 спортшы келді. Ерлер арасында жалпы командалық есеп бойынша Алматы облысы көшбасшы атанды, екінші орынды турнирдің ұйымдастырушылары – Қызылорда облысы алды. Әйелдер арасында бірінші орынды Алматы қаласы, «күміс» жүлдені Алматы облысы, ал «қола» жүлдені ерлер мен әйелдер арасында Шығыс-Қазақстан облысы ұтып алды.

Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:
48 келі әйелдер:
1. Юлия Потасова (Алматы) - 145 (65+80)
2. Гүлнұр Ыбырай (Алматы) - 126 (57+69)
3. Наталья Бедрик (Алматы) - 125 (57+68)
53 келі әйелдер:
1. ӘселАмангелді (Алматы қ.) - 175 (78+97)
2. Александра Лачкова (Алматы) - 163 (76+87)
3. Ақмарал Үргешбаева (Ақтөбе) - 142 (62+80)
58 келі әйелдер:
1. СәулеСәдуақасова (Қостанай) - 195 (85+110)
2. Лидия Ануфриева (ШҚО) - 183 (83+100)
3. Мадина Астамирова (ШҚО) - 180 (82+98)
63 келі әйелдер:
1. Әсем Садықова (Қызылорда) - 200 (90+110)
2. Екатерина Долгих (ШҚО) - 165 (70+95)
3. Елизавета Белоусова (ШҚО) - 160 (70+90)
69 келі әйелдер:
1. Майра Файзуллаева (ОҚО) - 210 (90+120)
2. Анжела Чалкарова (Алматы) - 193 (85+108)
3. Екатерина Быкова (ШҚО) - 178 (78+100)
75 келі әйелдер:
1. Раушан Мешітханова (Алматы қ.) -212 (102+110)
2. Диляра Пржанова (Қызылорда) - 152 (67+85)
3. Анеля Сумбембаева (ШҚО) - 146 (65+81)
90 келі әйелдер:
1. Валерия Дежнина (Қостанай) - 185 (85+100)
2.Нұрай Касеналы (Алматы қ.) - 143 (65+78)
3. Индира Кеңесбекова (Қызылорда) - 137 (58+79)
+90 келі әйелдер:
1. Александра Аборнева (ОҚО) - 240 (105+135)
2.Айзада Мүптілда (Алматы қ.) - 236 (101+135)
3. Данагүл Исапа (Алматы қ.) - 195 (85+110)
56келі ерлер:
1. Асанханұлы Алмат (Қызылорда) - 203 (88+115)
2. Аян Байзаков (Қостанай) - 202 (87+115)
3. Рахат Бисембаев (ШҚО) - 187 (81+106)
62 келі ерлер:
1. Игорь Сон (Алматы) - 269 (119+150)
2. Әділбек Балхаев (Қызылорда) - 259 (124+135)
3. Ерболат Жоламанов (Қызылорда) - 237 (105+132)
69 келі ерлер:
1. Михаил Дроздов (Алматы) - 295 (135+160)
2. Александр Ким (Алматы қ.) - 264 (123+141)
3. Айдос Тұрсынбай (Қызылорда) - 260 (120+140)
77 келі ерлер:
1. Альберт Линдер (Алматы) - 327 (145+182)
2. Айдар Казов (СҚО) - 325 (140+185)
3. Андрей Снегуров (Қарағанды) - 299 (134+165)
85 келі ерлер:
1. Семен Линдер (Алматы) - 342 (160+182)
2. МедетДжундубаев (Алматы) - 308 (138+170)
3. Кирилл Староверкин (Қарағанды) - 290 (136+154)
94 келі ерлер:
1. Айбек Жәнібеков (ОҚО) - 336 (151+185)
2. Аят Әмірбеков (Қызылорда) - 330 (145+185)
3. Дәулет Мырзахметов (Алматы қ.) - 315 (140+175)
105 келі ерлер:
1. Рүстем Сыбай (Қызылорда) - 377 (166+211)
2. Алихан Шайхиддинов (ОҚО) - 341 (155+186)
3. Ильдар Миннияров (Қостанай) - 330 (145+185)
+105 келі ерлер:
1. Ибрагим Берсанов (Алматы) - 367 (170+197)
2. Евгений Колесников (ШҚО) - 285 (125+160)
3. Игорь Полозов (ШҚО) - 263 (113+150)

ҚҰҚ Бас бапкері Юрий Мельников:

-Бұл Кубок 21 сәуірде Ашхабадта өтетін Азия Чемпионатының қарсаңында өтті. Спортшылардың бүгінгі көрсеткен нәтижелері ақырғы болып есептелмейді, алда әлі бір жарым ай бар, сондықтан дайындалуға және атлеттердің әлеуетін ашуға уақыт бар. Дегенмен, Кубоктың нәтижелері бойынша, біз бапкерлік штабпен бірігіп, Азия Чемпионатына қатысатын Ұлттық Құраманың алдын ала тізімін дайындап қойдық. Ерлер арасынан азия біріншілігіне дайындалатындар: Айдар Казов, Семен және Альбер Линдер, Рүстем Сыбай және Селимхан Абубакаров. Соңғы спортшы қазіргі уақытта жарақат алғаннан кейінгі қалпына келу сатысында, бірақ жарысқа дейін оңтайлы қалыпқа келетініне сенімдіміз. Әйелдер арасынан біз Майра Файзуллаеваны, Әсем Садыкованы, Сәуле Садуакасованы, Әсел Амангелді, Александра Аборневаны, Айзада Мүптилданы анықтап алдық.

Негізгі марапаттаулардан бөлек, 105 килограмға дейінгі санаттың жеңімпазы – Рүстем Сыбай Илья Ильин атындағы Кубоктың иегері атанды.

Сонымен қатар, турнир барысында республикалық Федерацияның қызметкерлері антидопингтік семинар өткізді, онда тиым салынған препараттардың зияны туралы түсіндірме бөлімімен қатар, АДАМС интерактивті антидопингтік жүйенің жұмысы бойынша лекция өтті. Спортшының тіркеуден өтуі және оның орналасқан жерін АДАМС жүйесінде белгілеуі – ұлттық құрамалардың барлық мүшелерінің орындауға міндетті шарты болып есептеледі. Бізде бұл мәселемен Ұлттық құрама спортшыларының өздері де, бапкерлік штаб та айналысады. Атлеттерге жеке кабинетке кіруге мүмкіндік беретін, сәйкестендіру нөмірі және пароль беріледі. Үш айда бір рет спортшы алдағы триместрде өзінің орналасатын жері туралы мәліметті беруге міндетті және оның сол жерде нақты қай сағатта болатынын айқындауы керек. Негізінде, ешқандай қиындығы жоқ, себебі жаттығулардың, жиындардың және жарыстардың кестесін спортшылар алдын ала біліп отырады, ал егер қандай да бір өзгерістер болған жағдайда, оларды әрқашан жүйеге енгізуге болады, деп түсіндірді ҚазҰАДО директоры Майра Бакашева.

1219 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: