ҚР Кубогы 2018. ​Төртінші күн.

17 мамыр

Төртінші күн.

Ауыр атлетикадан жекелей жаттығулар бойынша ҚР Жеке-командалық Кубогы және Чемпионатының төртінші жарыс күнінде қыздар өз жаттығуларын аяқтады. 90 келілік салмақ категориясында жастар арасындағы әлемнің бес дүркін жеңімпазы Надежда Ногай (111+132) ешкімге дес бермеді. Екінші орынға Алматы облысының өкілі Раушан Мешітханова(105+120) жайғасса, «қола» жүлде 16 жасар Ольга Пастуховаға(95+120) бұйырды.

Мықтылар бәсекесінде(90 келіден жоғары салмақта) үздік шыққан Айзада Мүптілдә(110+138) алтыннан алқа тағынса, Александра Аборнева(105+138) мен Любовь Ковальчук(93+120) екінші және үшінші орындарға тұрақтады.

77 келідегі ерлер арасында 2017 жылғы Азия чемпионы Айдар Қазов(143+181) сөзсіз жеңімпаз атанды. Еламан Сейітқазы (137+173) мен Серікбол Аманжол (136+160) жүлдегерлер қатарын толықтырды.

133 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: