ҚР ҰОК президенті Денис Тенді жеңісімен құттықтады

04 ақпан

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада жеңіске жетуіне орай құттықтау телеграммасын жолдады. Онда былай делінген:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті және өз атымнан сізді Алматыдағы Универсиададағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Екі жарыс күнінде ең жоғары ұпай жинап, тек қазақстандық жанкүйерлерді қуантып қана қоймай, бүкіл әлемге өзіңнің шеберлігін мен дарын иесі екенінді тағы бір мәрте дәлелдедің. Алдағы халықаралық жарыстарда табысқа жетіп, Олимпиада жолдамасына ие болуыңа тілектеспін».

Бүгін мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында еркін бағдарала өтті. Қазақстандық спортшы Денис Тен бұл сайыста 172,06 ұпай жинап, қос сайыстың қорытындысы бойынша 266,97 ұпаймен алтын медаль иеленді. Тағы бір қазақстандық спортшы Абзал Рақымғалиев 204,23 ұпаймен 12-ші орын алды.

1029 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: