​Маңызды бастау

22 сәуір

Ашхабадта, 21 сәуір күні (Түрікменстан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады. Қазақстан құрамасына 9 спортшы кіреді:

ЕРЛЕР: Линдер Альберт (69 кг-ға дейін), Казов Айдар (77 кг-ға дейін), Линдер Семен (85 кг-ға дейін), Берсанов Ибрагим (105 кг-ға дейін).

ӘЙЕЛДЕР: Амангелді Әсел (53 кг-ға дейін), Садуакасова Сәуле (58 кг-ға дейін), Садықова Әсем (63 кг-ға дейін), Файзуллаева Maйра (69 кг-ға дейін), Аборнева Александра (90 + кг-ға дейін)

ҚР ҰҚ Бас бапкері Юрий Мельников:

- Жаңа олимпиадалық циклда, біздің Құраманың бірінші нөмерлік спортшыларының алдында жаңа мақсаттар тұр. Олар бар күштерін қараша айында өтетін Әлем Чемпионатына жұмсайды. Екінші нөмерлік спортшыларды біз әлі сынап көруіміз керек, себебі олар біздің метрларға лайықты бәсекелес болулары мүмкін. Біз олардың Азияның ең мықты штангисттарымен бақ сынасып көрулерін қалаймыз. Себебі, әлемдік ауыр атлетика бойынша Азиялық аймақ лидер болып есептеледі. Бізге жеткен мағлұматтар бойынша, көптеген командалар жаңарған құраммен келеді – ертеңгі күгі бірінші болатын, дәл сондай екінші нөмерлер Токиода олимпиадалық тұғырдың шыңына шығу үшін күресетін болады. Әрине, бүгінгі күнгі барлық лидерлерді олар ығыстыра алмайды, бірақ, күрес мықты болады. Осыған байланысты, біз осы балдарға ерекше назар аударамыз, себебі, оларды сынап, сайыстық ортада көруіміз қажет және қандай да бір кемшіліктері болса, анықтап, олармен жұмыс жасауымыз керек.

710 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: