4 салмақта финалға шыққандар белгілі болды

14 желтоқсан

Қарағандыда күрес түрлерінен Кеңес одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровті еске түсіруге арналған республикалық жарыста еркін күрес балуандары 4 салмақ дәрежесі бойынша іріктеу кезеңін өткізді.

61 келі салмақ дәрежесінде күрескен балуандардың арасынан ақтөбелік Нұрислам Санаев пен қарағандылық Асылжан Тоқтаржанұлы финалға жолдама алды. Енді екі балуан ертең турнирдің бас жүлдесін сарапқа салады.

70 келі салмақта 2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрлан Бекжанов (Астана) жартылай финалда Алматы облысынан келген Еркебұлан Тәңірбергенді 4:0 есебімен ұтып, финалға шықты. Оның қарсыласы – тараздық Мейіржан Әшіров болмақ. Әшіров финалға шығар жолда қызылордалық Қанат Мұсайбековті 5:4 есебімен айласын асырды.

79 келі салмақтың жеңімпазы маңғыстаулық Жігер Закиров пен қызылоодалық Ғалымжан Өсербаевтың арасындағы белдесуде анықталады.

92 келінің финалында Алматы қаласының өкілі Әділет Дауламбаев пен қарағандылық Илисхан Чилаев күреседі.

61 келі: Нұрислам Санаев (Ақтөбе обл) - Асылжан Тоқтаржанұлы(Қарағанды обл)

70 келі: Нұрлан Бекжанов (Астана) – Мейіржан Әшіров (Жамбыл обл)

79 келі: Жігер Закиров (Маңғыстау обл) – Ғалымжан Өсербаев (Қызылорда обл)

92 келі: Әділет Дауламбаев (Алматы қ.) – Илисхан Чилаев (Қарағанды обл)

579 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: