75 келі салмақта дес бермедік

12 мамыр

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында грек-рим күресінің балуандары жарысты аяқтады. Сегіз салмақта өткен бәсекеде Нұрым Дүйсенов баптайтын Қазақстан құрамасының балуандары 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медальға ие болды.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының сапынан 75 келі салмақта белдескен Мақсат Ережепов барлық қарсыластарын қапы қалдырып, Азия чемпионы атанды. Финалда Мақсат оңтүстіккореялық балуаннан басым түсті. Айта кетерлігі, 75 келі салмақтың бас жүлдесі қатарынан екінші жыл Қазақстан балуандарына бұйырып отыр. Былтыр бұл салмақта Досжан Картиков топ жарған болатын.

Командалық есепте еліміздің балуандары Иран мен Оңтүстік Кореядан кейінгі үшінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, кеше әйелдер күресінен қоржынымызға 1 медаль түсті. 75 келі салмақта күрескен Гүлмарал Еркебаева қола медаль үшін болған белдесуде моңғолиялық балуаннан айласын асырды.

Грек-рим күресінен

Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Салмақ

Алтын

Күміс

Қола

59 кг.

Кениширо Фимита (Жапония)

Мейрамбек Айнағұлов (Қазақстан)

Мурад Абдуали (Иран)

Си Менг Ри (КХДР)

66 кг.

Сангун Ох

(Оңт. Корея)

Алмат Кебісбаев (Қазақстан)

Али Арсалан (Иран)

Жиньцинь Донг (Қытай)

71 кг.

Такеши Изуми (Жапония)

Афшин Немат (Иран)

Нургазы Асанкулов (Қырғызстан)

Жиун Ким (Оңт.Корея)

75 кг.

Мақсат Ережепов (Қазақстан)

Даесунг Парк (Оңт. Корея)

Бахтояр Хасанов (Тәжікстан)

Бин Янг (Қытай)

80 кг.

Солтанморад Рамин (Иран)

Ж..Ким

(Оңт. Корея)

Самат Ширдаков (Қырғызстан)

Синг Харпрет (Үндістан)

85 кг.

Хусейн Ахмад Нури (Иран)

Аитсухи Матцумото (Жапония)

Кумар Анил (Үндістан)

Фэй Пенк (Қытай)

98 кг.

Сеитмустафа Салихадзе (Иран)

Сейнгюн Ким (Оңт. Корея)

Ерулан Ыскаков (Қазақстан)

Рустам Аксакалов (Өзбекстан)

130 кг.

Алиакбар Бехнам Медизаде (Иран)

Дамир Кузембаев (Қазақстан)

Муминжон Абдуллаев (Өзбекстан)

Минсеок Ким (Оңт.Корея)

358 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: