Әбдіров атындағы турнир жалғасуда

14 желтоқсан

Қарағандыда күрес түрлерінен Кеңес одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровті еске түсіруге арналған республикалық жарыста 6 салмақ дәрежесінде чемпион атанған еркін күрес балуандарының есімі белгілі болды.

57 келі салмақта көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы Жандос Исмаиловтың мерейі үстем болды. Алматы облысының намысын қорғаған Жандос финалда жасөсіпірімдер арасында Олимпиада ойындарының жеңімпазы Мұхамбет Қуатбектен басым түсті.

Бұл салмақтағы қола жүлдені Бердақ Пірімбаев (ЮКО) пен Құралбек Омарбеков (Павлодар облысы) жеңіп алды. Қ.Омарбеков қола медаль үшін болған белдесуде Алматы облысының балуаны Азамат Тойбекті ұтса, Б.Пірімбаев маңғыстаулық Дархан Бейсеновтен басым түсті.

65 келі салмақтың финалында павлодарлық Саятбек Оқасовты жеңген 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, қызылордалық Дәулет Ниязбеков турнир жеңімпазы атанды. 65 кеоі салмақтың қола медалі Тимур Айтқұлов (Қостанай облысы) пен Кенесары Балташтың (Павлодар облысы) еншісінде.

74 келі салмақ дәрежесінде шығысқазақстандық Данияр Қайсанов жарысқа өте жақсы дайындықпен келіпті. Финалға дейінгі қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтқан шығысқазақстандық балуан финалда астаналық Алмас Амалбекке де дес бермеді. Белдесудің алғашқы кезеңінде есепті 10:0-ге жеткізген Данияр турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.

23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Дәулетбеков те Нүркен Әбдіров атындағы турнирден олжалы қайтты. Шығыс Қазақстан облысының балуаны финалда Нұрдәулет Көктеубаевты (Алматы облысы) тізе бүктірді.

Сондай-ақ, 97 келі салмақтың бас жүлдесі павлодарлық Мамед Ибрагимовке бұйырды. 125 келідегі финалдық бәсеке Даулет Шабанбайдың (Павлодар облысы) жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

247 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: