Ақжүрек Таңатаров Азия чемпионы атанды

15 мамыр

Күрес түрлерінен Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жеңімпаз атанды, деп хабарлайды sportportal.kz сайтының тілшісі.

Жарыс жолын ширек финалдан бастаған Ақжүрек чемпионаттағы алғашқы белдесуінде моңғолиялық Даваатсерен Хатанбатаарды уақытынан бұрын жеңіп (by TF 12-1), жартылай финалға шықты. Жартылай финалда тартысты белдесуде жапониялық Момохиро Такамураны 11-7 есебімен қапы қалдырды. Финалда қазақ-өзбек текетіресі өтті. Ихтиор Наврузпен өткен финалдық белдесуде Ақжүрек қарсыласынан 11-7 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді. Бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы екінші алтыны. Бұған дейін грек-рим күресінен 75 келіге дейінгі самақта Мақсат Ережепов чемпион атанған болатын.

580 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: