Ардагер балуан 80 жасқа толды!

14 маусым

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Грек-рим-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы еліміздің күрес саласынының дамуына зор үлес қосқан Алексей Арсентьевич Семкинді 80 жасқа толған туған күнімен құттықтайды.

Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері Алексей Арсентьевич өткен ғасырдың 60-шы жылдары бозкілемде талай қарсыласын қапы қалдырып, көптеген халықаралық жарыстарда топ жарды. Қазақ КСР-нің жеті дүркін жеңімпазы атанған балуан КСРО чемпионатында да топ жарды. КСРО халықтары Спартакиадасында жеңіске жетіп, КСРО-ның ауыл жастары Спартакиадасында екі дүркін дүркін чемпион атанды. ГФР, Түркия, Моңғолия, Үндістан, Куба және Польша сияқты елдермен өткен халықаралық белдесулерде жеңімпаз атанып жүрді.

Алексей Арсентьевич үлкен спорттан қол үзгеннен кейін бапкерлік қызметке бет бұрды. Туған жері Ақтөбеде жас балуандарды жаттықтырып, тәжірибесімен бөліскен бапкер көптеген жас спортшылардың халықаралық аренаға шығу жолында аянбай тер төкті. Соның арқасында талай шәкірттері «спорт шебері» деген атаққа қол жеткізді.

Қазақстанға еңбегі сіңген бапкер сексеннің сеңгіріне шығып отыр. «ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» ардагер балуанның мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Алексей Арсентьевичке зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз! Жүз жасаңыз, Алексей Арсентьевич!

205 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: