Әскерилер арасында әлем чемпионаты: 7 күміс, 8 қола медаль

19 мамыр

Ресейдің Мәскеу қаласында күрес түрлерінен әскерилер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні грек-рим күресінен 82 келі салмақта күрескен Асқат Ділмұхамедов күміс медальға ие болды. Асқат финалда ресейлік Имил Шарафитдиновтен жеңілді.

77 келі салмақта ел намысын қорғаған Мақсат Ережепов қола медальға ие болды. Мақсат жартылай финалда ресейлік Чингиз Лабазановтан жеңілді. Қола медаль үшін күресте беларусь балуанын ұтты.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының балуандары күрестің үш түрінен 7 күміс, 8 қола медаль жеңіп алды.

117 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: