Азияның үш дүркін чемпионы финалда ұтылды

02 мамыр

Шымкентте күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында еркін балуандары 4 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

61 келі салмақта күрескен балуандар арасында Алматы облысынан келген Қуат Әміртаев чемпион атанды. Финалда ол ақмолалық Владимир Кудринді жеңді. Кеше Ақмола облысының балуаны жарыстың алғашқы айналымында Азия чемпионы Нурислам Санаевтан басым түскен болатын. Санаев Владимир Кудрин финалға шыққаннан кейін қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алып, оны мүлт жібермеді. Жұбаныш белдесуде ақтөбелік балуан ұлттық құраманың тағы бір белді мүшесі Ғабит Төлепбайдан айласын асырды.

Жанкүйерлер 65 келі салмақтың финалын асыға күтті. Мұнда Азияның үш дүркін чемпионы, Қазақсанның бірнеше дүркін жеңімпазы Дәулет Ниязбеков павлодарлық Саятбек Оқасовпен белдесті. Саятбек те өзінің әлсіз емес екенін бұған дейін талай халықаралық жарыста дәлелдеген балуан. Екі мықтының арасындағы айқас шиеленісті өтіп, Саятбек белдесудің соңғы минуттарында жеңісті жұлып әкетті.

Сондай-ақ, бүгін әйелдер күресінің балуандары жарысты толығымен аяқтады. Ертең Қазақстан чемпионатының соңғы күні. Онда 57, 70, 74, 79, 97 және 125 келі салмақта мықтылар анықталады.

61 кг

1. Қуат Әміртаев (Алматы обл)
2. Владимир Кудрин (Ақмола обл)
3. Расул Қалиев (ШҚО)
3. Нұрислам Санаев (Ақтөбе обл)

65 кг
1. Саятбек Оқасов ( Павлодар обл)
2. Даулет Ниязбеков (Қызылорда обл)
3. Қуаныш Жақсыбай (Алматы обл)
3. Мадияр Бурхан (ОҚО)

86 кг
1. Әділет Дауламбаев (Алматы қ)
2. Азамат Даулетбеков (ШҚО)
3. Нұрдаулет Көктеубаев (Алматы обл)
3. Илхам Асадов (Маңғыстау обл)

92 кг1. Нұрғали Нурғайыпұлы (Астана қ)
2. Илисхан Чилаев (Қарағанды обл)
3. Нұрсұлтан Азов (Ақмола обл)
3. Ислам Азизов (Алматы қ)

Әйелдер күресі

65 кг

1. Зарина Құнанғараева (Астана қ.)
2. Мадина Бақбергенова (Aлматы обл)
3. Гаухар Мұқатай (Алматы қ)
3. Альбина Қайыргелдинова (Ақмола обл)

72 кг

1. Жәмила Бақбергенова (Алматы обл).
2. Екатерина Ларионова (БҚО)
3. Гүлназ Жаппарова (Алматы обл)
3. Жамила Насырова (Қарағанды обл.)

160 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: