Бекболатов пен Айнағұлов әскерилер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері

18 мамыр

Мәскеуде (Ресей) әскерилер арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін грек-рим күресінің балуандары арасында бес салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстан құрамасының балуандары бұл сында 1 күміс, 1 қола медальға ие болды.

55 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Аманғали Бекболатов алғашқы белдесуінде ирандық балуанды ұтса, ширек финалда венгриялық балуаннан басым түсті. Жартылай финалда солтүстіккореялық қарсыласынан айласын асырды. Алайда, финалда армениялық қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс медаліне ие болды. Айта кетерлігі, Аманғали Бекболатов жақында ғана Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында күміс медальға ие болған.

63 келі салмақта 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов қола медальға ие болды. Мейрамбек жартылай финалда ресейлік Санал Семеновтан ұтылғанымен қола медаль үшін болған белдесуде Беларусь балуанын жеңді.

114 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: