Бекзат Жалғасбаев - кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері

03 шілде

Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен кадетттер арасында әлем чемпионаты өтуде. Жарысты бірінші болып, еркін күрес балуандары ашты.

65 келі салмақта күрескен Бекзат Жалғасбаев жарыстың алғашқы күні қола медаль жеңіп алды. Бекзат алдымен македониялық балуанмен күресіп, 10:0 есебімен жеңсе, ширек финалда украиналық балуанды жеңді – 10:3. Өкінішке қарай, финалға шығар жолда Бекзат ресейлік Иналбек Шериевтен 2:10 есебімен ұтылып қалды. Қола медаль үшін болған белдесуде отандасымыз Грузиядан келген балуанның мысын басып (8:2) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Дәл осы салмақта Әзірбайжан балуаны Тұран Байрамов әлем чемпионы атанды. Финалда ол ресейлік Иналбек Шериевтен басым түсті.

Өкінішке қарай, Загребке барған еркін күрес балуандарының барлығы финалға жолдама ала алмады. Тек, төрт балуанымыз - Ардақ Ихсанов (51 кг), Яссауи Мұхтарұлы (61 кг), Исламбек Ілиясов (71 кг) және Юнус Гафуров (92 кг) ертең жұбаныш белдесулерін өткізіп, әлем чемпионатының қола медаліне таласады.

73 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: