Данияр Каленов – жабық кешендегі Азия ойындарының жеңімпазы!

27 қыркүйек

Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер аяқталды. Кеше жарысты грек-рим күресінің балуандары қорытындылады.

Нұрым Дүйсенов баптайтын балуандарымыз сегіз салмақтың жетеуінде күш сынасты. 66 келі салмақта күрескен Данияр Қаленов барлық қарсыластарынан басым түсіп, жабық кешендегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Жартылай финалға дейін түрікмен және қытай балуандарынан басым түскен отандасымыз финалға шығар тұста, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, екі дүркін әлем біріншілігінің жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы өзбекстандық Елмурат Тасмурадовтан 2:1 есебімен айласын асырды. Финалда Данияр иран балуаны Амин Суриді де дәл осындай есеппен жеңді.

Басқа салмақтардағы балуандарға келсек, 59 келіде күрескен Айдос Сұлтанғали мен 75 келі салмақтағы Тамерлан Шадукаев ойындардың қола жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, Асхат Ділмұхамедов (80 келі), Хусейн Муцольгов (85 келі) және Нұрмахан Тынәлиев (130 келі) те жабық кешендегі Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

147 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: