Еркін күрес балуандары жарысты бастады

01 мамыр

Бүгін күрес түрлерінен Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында еркін күрес балуандары жарысты бастады. 4 салмақта өткен бәсекенің финалдық сайысы ертеңге жоспарланған. Айта кетейік, биылғы жылдың басында Бішкекте өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған 61 келідегі Нурислам Санаев алғашқы айналымда Владимир Кудриннен жеңіліп қалды. Ақмола облысының балуаны финалға дейін қарсылас шыдатпады. Енді ол алтын медальді Алматы облысынан келген Қуат Әміртаевпен сарапқа салады. Әміртаев жартылай финалда шығысқазақстандық Расул Қалиевтен жеңіліп жатып, соңғы секундтарда жеңісті жұлып әкетті.

Финалға жолдама алған балуандар

61 кг. Владимир Кудрин (Ақмола обл) - Қуат Әміртаев (Алматы обл)

65 кг. Даулет Ниязбеков (Қызылорда обл.) - Саятбек Оқасов (Павлодар обл)

86 кг. Әділет Дауламбаев (Алматы) - Азамат Даулетбеков (ШҚО)

92 кг. Нұрғали Нұрғайпұлы (Астана) - Илисхан Чилаев (Қарағанды обл)

129 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: