Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

26 ақпан

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін Шымкент қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионат алдында баспасөз маслихаты өтті. Журналистердің сұрақтарына Федерацияның бапкерлер кеңесі мен төрешілер алқасымен жұмыс жөніндегі Вице-президенті Қожасбай Е.С., ОҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Нұртаев Ә.Н., United World Wrestling төреші супервайзері Жақсықұлов Б.Е., грек-рим күресінен ҚР ҰҚК Бас бапкері Дүйсенов Н.С., еркін күрестен ҚР ҰҚК Бас бапкері Серікбаев Ә.Х., әйелдер күресінен бас бапкер Қайрат Сағадиевтер жауап берді.

727798

Федерацияның бапкерлер кеңесі мен төрешілер алқасымен жұмыс жөніндегі Вице-президенті Қожасбай Ерлан Сәдуақасұлы бұл чемпионаттың алда тұрған жаңа олимпиадалық төртжылдықтың басталу кезеңінде маңызы зор екеніне тоқталды.

«Бұл жолы біздің федерацияда жаңалық көп. Өздеріңіз білетіндей грек-рим және еркін күрестің бас бапкерлері ауысқан болатын. Ссонымен қатар бапкерлік штабта да өзгерістер бар. Оосы өзгерістердің барлығы да федерацияның алдағы кезеңге қатысты қойып отырған жаңа талаптары мен мақсаттарына сәйкес болып отыр. Сонымен қатар осы жолы біз тәжірибе алмасу үшін және әділ төрешілік жүргізу мақсатында бірнеше Олимпиада ойындарында қазылық еткен United World Wrestling олимпиадалық дәрежедегі 6 төреші шақырдық. Олардың ішінде 4-уі әлемнің және Олимпиаданың үздік арбитрына берілетін «Золотой свисток» жүлдесімен марапатталған мамандар. Бұл да біз үшін өте маңызды, себебі қазіргі таңда біздің олимпиадалық деңгейдегі төрешілеріміздің саны 3 ке жетті, оған қоса 1 және 2 дәрежелі төрешілеріміз бар.»

63737393

849 рет қаралды
Мақаланы ұнаттыңыз ба? Әлеуметтік желі (тор) арқылы достарыңызбен бөлісіңіздер!

0 пікірлер

Пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, төменде көрсетілген әлеуметтік торлардың біреуі арқылы тіркеліңіз: